«Ақмола облысы білім бөлімінің Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің Кіші Түкті ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение " Основная средняя школа села Малые Тюкты отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Как изменится Instagram в 2018 году Картинки по запросу почта

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Денсаулық күні

«Біз салауатты өмір-салты үшін»

 


Мақсаты:
1. Балалардың денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау.
2. Спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
3. Салауатты өмір салтын насихаттау.
Түрі: Эстафеталық жарыс
Өтілетін орны: спорт залы
Қажетті құралдары: Үлкен доптар, кедергілер, шелектер, кішкентай доптар.

Өтілу барысы:
1. I. Ұйымдастыру бөлімі
Жүргізуші:
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
Әуенмен спортшыларымызды қарсы алу.

1. II. Негізгі бөлім
Жүргізуші:
Құрметті қонақтар мен жарысқа қатысушылар, жанкүйерлер бүгінгі

«Біз салауатты өмір – cалты үшін» спорттық сайысымызға хош келдіңіздер! Көңілді жарысқа ортанғы топ балалары қатысады. Балалар 2 топтан 8 бала болады.
Жүргізуші:
Жарысқа қатысатындарды шақырамыз,
Әр таңды бақытпенен атырамыз.
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға,
Жылдам да шапшаң,
Спортшыларымызды ортаға шақырамыз.
(әр топ сап түзеп, орындарына келіп тұрады)

1. «Жалын» тобы, Топ басшысы Нуркубаев Алинур
2. «Қыран» тобы, Топ басшысы Омар Сұлтан -Ахмет

Жүргізуші:
Таза ауа, спорт болсын дәріміз,
Еңбек етіп келгенінше әліміз.
«Алға» — деген бір – ақ мақсат ұстанып,
Сайысқа аттанайық бәріміз!
Ал балалар сайысқа қош келдіңіздер

Сайыс 5 кезеңнен турады:

  1. «Кенгуру»

  2. «Кім епті,кім мықты»

  3. «Хайуанаттарға су бер»

  4. «Кім мерген»

  5. «Қырықаяқ»

    Жүргізуші:
    Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!
    Сайысымызды бастаймыз.
    1 - тур: «Кенгуру»
    Ойынның шарты: Топ мүшелері үлкен резеңке доптың үстіне отырып кедергі арасымен айнала секіре өтіп, кері айналып қайту.

Жүргізуші:
Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада,
Уақытты тектен - тек жоймайық!
Олай болса, екінші турымызға өтеміз.


2-тур: «Кім епті,кім мықты»

Ойынның шарты: балалар матрастан домалап өтіп,белгіленген жерге барып кері қайту.
 

3 - тур: «Хайуанаттарға су бер»
Ойынның шарты: Топ мүшесі үлкен шелектердің қасына отырады, балалар кішкентай шелекпен топ мүшесінің шелегін сумен толтырады.
Әділқазылардың бағасы.
Дайынбыз ба? Дайындал! Алға!

4 - тур: «Кім мерген»
Ойынның шарты: Топ мүшелері кедергілер арасынан өтіп,белгіленген жерге жеткенде допты ыдыска салу керек.екі екіден жұптасып, шығыршықтың ішіне кіріп, кедергілердің арасынан айнала өтіп, орындарына келу керек.
Дайынбыз ба? Дайындал! Алға!

5 - тур: «Қырықаяқ»
Ойынның шарты: Балалар топ мүшесінің артына тіркесіп кедергілерді айналып, кері қайтып келеді.

Дайынбыз ба? Дайындал! Алға!
III. Қорытынды бөлім
Жүргізуші:
Жарыс заңы ежелден -
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол -
Еңбектену, жалықпау.
демекші, сайысымыздың барлық қатысушыларына «Алғыс хат» марапаттаймыз.

Жеңімпаздарды марапаттау.

 

Жүргізуші:
Бүгінгі спорт жарысын,
Осымен аяқтаймыз!
Қатысқандарыңызға көп - көп рахмет!
Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!! Сау болыңыздар!

 

Жаңартылған күні: 13.06.2019 17:29
Құрылған күні: 14.10.2022 09:09

Текст