«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Кіші Түкті ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2023 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша есебі
Зеренді ауданының «Кіші Түкті негізгі мектебі» КММ 4 қызмет түрін көрсетеді:
Оның ішінде:
Білім саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
2022 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-10.
Оның ішінде:
3) неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
-Бастауыш,негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау;
-Бастауыш,негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жалпы білім беру ұйымдар арасында оқушылардың ауысуы немесе ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау;
2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер
Көрсетілген қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернетресурстарда орналастырылған http://sc0055.zerenda.aqmoedu.kz/ білім бөлімі «мемлекеттік қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету ережелері орналастырылған. Сонда- ақ, білім беру ұйымында ақпараттық стендте Мемлекеттік қызмет көрсету ережелері орналастырылған.Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат
Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жүзеге асырылады.
2023 жылы білім беру ұйымы БАҚ пен әлеуметтік желілерде 2 мақала жариялады. Ай сайын халықты БАҚ, көрсетілетін қызметті берушілердің интернет-ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар ету бойынша жұмыс жүргізіледі.
3.Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында білім беру ұйымында бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді. Akmola.kz.
2023 жылы жергілікті атқарушы органдардың, көрсетілетін қызметті берушілердің қызметкерлері үшін мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша техникалық оқуға қатысқандар саны-0 қызметкер оқытылды:
Техникалық оқу 2023 жылда өткізілген жоқ.
4.Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
1) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бекітілген бақылау іс шараларының жоспарына сәйкес білім беру ұйымында бақылау іс шаралары өткізілді.Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ.
Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметтердің бұзылуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.
5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру.
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында 2024 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс шараларының жоспары бекітілді.
2024 жылы «Кіші Түкті ауылының НОМ» КММ жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады.