«Ақмола облысы білім бөлімінің Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің Кіші Түкті ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение " Основная средняя школа села Малые Тюкты отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Как изменится Instagram в 2018 году Картинки по запросу почта

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Оқу жұмысы

                     Мектеп жұмысының 2020-2021 оқу  жылында жүргізген оқу -тәрбие- жұмыстарының  сараптамасы

 

Малотюкты негізгі  мектебінде   13 мұғалім еңбек етеді. Оның 11-і  жоғары, 2-і арнаулы орта, яғни  аяқталмаған жоғары.Мұғалімдердің сапалық құрамы:

-         жоғары санатты-0

-         1 санатты – 3

-         ІІ санатты – 6

Мектепте  51оқушы және  3 бала мектепалды даярлық тобында білім мен тәрбие алды.

Жыл бойы мұғалімдер ҚР Білім  және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясы оқу бағдарламалары  және инструктивті -әдістемелік хатты (Астана -2015) басшылыққа ала отыра жұмыс атқарды.Оқушылар оқулықтармен толық қамтамасз етілді.

Оқушылардың білім сапасын арттыру жолында мектепішілік бақылау жұмыстары үнемі жүргізіліп келді. Оқу жылы бойынша әрбір тоқсан сайын бақылау,  тест жұмыстары, әкімшілік кесінділері жоспар бойынша алынып жан-жақты талдау жұмыстары қорытындысы әдістемелікбірлестіктер мен педагогикалық кеңестерде қаралып отырды. Мектебімізде төрт бірлестік жоспарланған. Гуманитарлық, жаратылыстану пәндері бойынша және бастауыш сыныптар бірлестігі мен сынып жетекшілерінің бірлестігі. Гуманитарлық  пәндер бірлестігінің жетекшісі Құрманова Қарлығаш Екпінқызы.  Жаратылыстану пәндер бірлестігінің жетекшісі Бағдат Жайсанат, бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі Тасмагамбетова А.Қ және сынып жетекшілірінің бірлестік жетекшісі Нұғыманова А.А.

  Мұғалімдер оқытудың жаңа технологияларын сабақта қолданып отырды. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұғыманова А.А  ІІІ деңгейлі курсты бітірді. Мектепте әдістемелік бірлестіктерде мұғалімдермен әртүрлі тақырыптарда коучингтер өткізді.

Мектепте 1-қыркүйекке арналған "Алғашқы қоңырау" мерекесі өткізілді.Қыркүйек айында жоспар бойынша . Барлық сыныптарда біркелкі «Менің Отаным Қазақстан» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Алғашқы сынып сағатқа оқушылармен бірге олардың ата-аналары қатысты. 

 2 - 5 қыркүйек аралығында денсаулық апталығы өтті. Оны денешынықтыру пәнінің мұғалімі Мүкапіл Еркебұлан өткізді. Ашылу салтанаты болды, әртүрлі қызықты ойындар өтті. Апталықтың соңында яғни 5 қыркүйек күні «Спорттық жанұя және спорттық коллектив» атты мерекелік сайыс өтті. Мерекеге барлық оқушылар мен ұстаздар қауымы және ауыл тұрғындары қатысты.

        Қазақстан Республикасы Халықтары Тілдеріне арналған онкүндіктің ашылу салтанаты 9-қыркүйек күні болды.  Гуманитарлық ӘБ жетекшісі Құрманова Қарлығаш Екпенқызының жетекшілігімен Тілдер мерекесі өткізілді..

 Осы мерекеге орай құрылған жоспар бойынша ашық сабақтар, викториналар, дебат сабақтары мазмұнды да қызықты өтті.

 Апталықтың салтанатты ашылуында 7-сынып оқушылары Әбутәліп Айгерім мен Хрипко Виктория екі тілде Тіл Заңы  туралы мәліметтер  айтып, тіл туралы өлеңдер оқыды.10-қыркүйек күні мұғалімдер  «Тіл-аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз» атты дөңгелек үстелдер өткізілді.«Патриоттық  әндер» сайысында  8-сынып оқушылары Ақылтас Айым мен Төлеу Фаина «Қазақ елі осындай» әнін орындап  бас жүлдені жеңіп алды. Тіл туралы өлеңдерді мәнерлеп оқу сайысына 1-4 сыныптардың оқушылары қатысты. 1-сынып оқушысы Батырбек Ералы,  2-сынып оқушылары Дәулетбек Әділхан мен Дәулетбек Аружан, 3-сынып оқушылары  Панасик Виолетта мен Дәулетбек Райымбек  жақсы өнер көрсетті. 4-сынып оқушылары Хрипко Елизавета, Дәулетбек Жанерке,Дәуренбек Ұлпан өз шығармаларында қазақ тілінің бай, көркем тіл екендігін жазған. Хрипко Елизавета қазақ тілінде сөйлейтіндігін мақтанышпен айтып өткен. Дене шынықтыру мұғалімі Мукапил Еркебұлан7-9 сыныптар арасында спорттық іс-шаралар ұйымдастырды.  «Қазақ тілінің білгірі» сайысын Нұғыманова Жадыра Болатбекқызы 6-7 сыныптарда өткізді.

Жеті кезеңнен тұратын сайыста оқушылар мәнерлеп оқудан, мақал-мәтелдер айтудан, қазақ тілінің ережелеріне арналған тапсырмаларды орындаудан сайысқа түсті. Қорытындысында «Тапқырлар» тобы атанған 7-сынып жеңіске жетті. Барлық сайыстарда 7-сынып оқушысы Әбутәліп Айгерім жақсы білімімен көзге түсті. 5-8 сыныптар арасында Құрманова Қ.Е. «Әдебиет әлемінде» атты зияткерлік ойын өткізді. Ойын барысында оқушылар ақын-жазушылардың фото-суреттері бойынша  берілген тапсырмаларды орындады. « Ыстық орындық» ойынында  әрбір сыныптан бір оқушы шығып, сұрақтарға жауап берді.

   3-деңгейлі курсты бітіріп келген орыс тілінің мұғалімі Нугуманова Әсел Ақылбаевна 5-сыныпта жаңа технология бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақта оқушылар екі топқа бөлініп, тіл, кітап туралы өз ойларымен бөлісті. Тақтаға шығып, әр топ өз пікірлерін қорғады. Сергіту сәтінде қағаздан жасалған ұшақтар ұшырып,қағазда кім туралы жазылғанын тапты.

«Үш тұғырлы тіл» тақырыбы бойынша мұғалім Нугуманова Ә.А. 6-8 сыныптарда сыныптан тыс іс-шара өткізді.Әрбір сыныптан үш оқушыдан шығып, берілген мәтінді қазақ, орыс ағылшын тілдерінде оқыды.Үш тілде айтылған өлеңдерді кім орындағанын тауып, өздері де үш тілде ән айтты.Кештің соңында барлық оқушылар шығып, ағылшын тілінде ән айтып, флеш-моб биледі.

       Апталықтың жабылу рәсімінде іс-шараларға белсене қатысқан оқушылар Мақтау қағаздарымен марапатталды.

«Білім негізі бастауышта» қағидасын биік ұстаған бастауыш сынып ұстаздары жыл бойында 5 мәжіліс өткізіп, онда 3 баяндама,  тыңдалды. Жаңа дамыта оқыту бағытында  жұмыс істеп келе жатқан   2-сынып мұғалімі Кұрманова Қ.Е мен 3- сынып мұғалімі Тасмағамбетова А.Қ атап өтуге болады. Бұл кісілер өздерінің алдына қойылған талаптар мен міндеттерді уақытында орындап, жас мұғалімдерге үлгі боларлық ұстаздар. Сонымен бірге жас мамандарға деген  методикалық көмектерін де көрсетуде, Бастауыш бірлестігі осы 2015-2016 оқу жылында 5 ашық тәрбие сағатын,  сыныптан тыс жұмыс өткізді. Бастауыш сынып бірлестік жетекшісінің құрған жоспары бойынша  қараша айында бастауыш сыныптар  апталығы жоспарланып, жұмыстары  өз уақытында өткізіліп отырылды.Қаңтар айында жоспарланған  математика, физика және информатика пәндерәен апталық өткізіліп, информатика пәнінен ашық сабақ өткізілді.Пән апталығы қанағаттанарлық емес деп бағаланды. Сонымен бірге "өзін-өзі тану  пәні: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" атты онкүндік өтті. . Онкүндіктің мақсаты: "Өзін-өзі тану" адамгершілік -рухани білім беру бағдарламасының негізінде жататын тәрбие мен білім беру жүйесінде балалар мен жастардың адамгершілік -рухани жетілдіру идеясы  оқушыларды жалпы адами құндылықтар әлеміне тарту, адами қарым-қатынас нормасымен таныстыру, азаматтық мідениетке қалыптастыру және дамыту. Бұл онкүндікке де жоспар құрылып сол жоспар бойынша жұмыстар атқарылды.Онкүндік ақпараттық лауазыммен ашылды."Алтын жүрек анамыз" С.Назарбаеваның өнегелі еңбегі туралы көрме ұйымдастырылды, бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық жұмыстары ілінді. "Алтын жүрек анамыз",Сердце наполненное любовью" мәнерлеп оқу сайысы, үздік шығармалар сайысы,көркем сөз шеберлер сайысы мақал- мәтелдер сайысы, спорттық ойындар,"Жақсылық жасай білейік" атты ашық сабақ, 3-сыныппен "Дос болайық бәріміз"атты көрініс ,"Ән көңілдің ажары" атты концерт өткізілді. Онкүндіктің соңында "Жүректен жүрекке" айдары бойынша  белсене қатысқан оқушылар анықталып шағын сыйлықтар мен мақтау қағаздарымен марапатталынды.

Сәуір айында дене -шынықтыру   апталығы Нұғыманов М.А мен Мукапил Еркебұланның ұйымдастыруымен өткізілді.  Сыныптар арасында ашық сабақтар мен эстафеталық ойындар өткізілді.Оқушыларға бұл сабақ өте қызықты да тартымды болды деп айтуға болады.

 Мектеп жұмысы оқушылардың білім сапасымен анықталады, олай болса 8-9- сынып оқушылары арасында аймақтықақтық пәндік олимпиадаларға қатысқан оқушыларымыз бар.Аймақтық олимпиадаға қазақ тілі  пәнінен 9-сынып оқушысы Кенжетаева Дина ІІ орын, 8- сынып оқушысы Ақылтас Айым ІІІ орын және осы сыныптан ІІ орынға ие болған Төлеу Фаина  мақтау қағаздарымен марапатталды. Сол сияқты  ауданда өткен "Абай оқуларына "  Төлеу Фаинаны, Ақылтас Айым қатысты. Дене шынықтырудан өткізілген аймақтық, аудандық  сайыстарға мектеп мұғалімдері мен оқушылары үнемі қатысып тұрды.

Мектеп мұғалімдері  пән бойынша өткізілген семинарларға үнемі қатысып отырды.Сол сияқты мектеп мұғалімдері Білім деңгейін жоғарлату курстарына жаңа бағдарлама бойынша білімдерін жоғарлатып отырды. Құрманова Қ.Е қазақ тілі пәнінен, Наурызова А.Т бірінші сыныпты оқыту бағдарламасы бойынша, Нұғыманова А.А орыс тілі, Есимова Г.С өзін- өзі тану, Мукапил Е. денешынықтыру пәндері бойынша оқып келді.  

Осы оқу  жылында  қазақ  тілі мен әдебиеті мұғалімі Құрманова Қ.Е. І санатқа өтті. Келксі оқу жылында І санатқа  өтуге қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Есимова Г.С, мектеп психологі Есимова Айнұр Сабыржанқызы ІІ санатқа өтуге өтініштерін берді.

 Мектеп құжаттары  туралы: – бұл мектептің оқу-тәрбие жұмыстарының сандық және сапалық жай-күйінің сипаттамасы.

Мектеп құжаттары әркезде тексеріліп анықтамалар жазылып  тұрды.

 

 Мектер құжаттарының тексеріліп тұруына хатшы Құрманова Қ.Е жауапты болды.

Тәрбие жұмыстары: Малотюкты негізгі мектебінің тәрбие жұмысында 8 негізгі мақсат бар:

  1. Патриоттық тәрбие
  2. Рухани-адамгершілік тәрбие
  3. Денсаулық, салауатты өмір салты және спорт тәрбиесі
  4. Экологиялық тәрбие
  5. Отбасылық тәрбие
  6. Саяси және құқықтық тәрбие
  7. Тәрбие білім негізі
  8. Әртүрлі мерекелер ертеңгіліктер 

 

Осы бағыттарға сүйене отырып мектептің тәрбие жұмыс жоспарын құрдым. Жасөспірімдерді отансүйгіштікке тәрбиелеу арқылы оқушылардың патриоттық сезімдерінің оянуына ықпал жасай отырып, қыркүйек айында «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиыны өтті. Барлық сыныптарда біркелкі «Менің Отаным Қазақстан» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Алғашқы сынып сағатқа оқушылармен бірге олардың ата-аналары қатысты. 

 2 - 5 қыркүйек аралығында денсаулық апталығы өтті. Оны денешынықтыру пәнінің мұғалімі Мүкапіл Еркебұлан өткізді. Ашылу салтанаты болды, әртүрлі қызықты ойындар өтті. Апталықтың соңында яғни 5 қыркүйек күні «Спорттық жанұя және спорттық коллектив» атты мерекелік сайыс өтті. Мерекеге барлық оқушылар мен ұстаздар қауымы және ауыл тұрғындары қатысты.

        Қазақстан Республикасы Халықтары Тілдеріне арналған онкүндіктің ашылу салтанаты 9-қыркүйек күні болды. Мектеп линейкасында сапқа тұрған ұстаздар мен оқушылар мемлекетіміздің Әнұранын орындады.Гуманитарлық ӘБ жетекшісі Құрманова Қ.Е.  мектепте бүгіннен бастап Тілдер мерекесінің басталғанын хабарлап, құттықтау сөзді мектеп директоры Нұғыманов Медет Ақылбайұлына берді. Мектеп басшысы Қазақстанның көпұлтты мемлекет екенін айта келе, ондағы әр ұлт өкілдерінің тату-тәтті өмір сүріп жатқандығын тілге тиек ете отыра, мемлекеттік тіл қазақ тілінің көркейіп келе жатқандығын айтты. Онкүндіктің мазмұнды, қызықты өтуіне барлық оқушылар мен ұстаздардың белсене қатысуына тілек білдірді.Апталықтың салтанатты ашылуында 7-сынып оқушылары Әбутәліп Айгерім мен Хрипко Виктория екі тілде Тіл Заңы  туралы мәліметтер  айтып, тіл туралы өлеңдер оқыды.10-қыркүйек күні мұғалімдер  «Тіл-аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз» атты дөңгелек столға жиналды. Әңгіме барысында қазақ сыныптарында оқып жатқан өзге ұлт өкілдерінің  тілді қаншалықты дәрежеде меңгергендігі туралы айтты. Әсіресе балалардың ауызша сөйлеу тілдеріне мән беру керектігі айтылды.«Патриоттық  әндер» сайысында  8-сынып оқушылары Ақылтас Айым мен Төлеу Фаина «Қазақ елі осындай» әнін орындап  бас жүлдені жеңіп алды. Тіл туралы өлеңдерді мәнерлеп оқу сайысына 1-4 сыныптардың оқушылары қатысты. 1-сынып оқушысы Батырбек Ералы,  2-сынып оқушылары Дәулетбек Әділхан мен Дәулетбек Аружан, 3-сынып оқушылары  Панасик Виолетта мен Дәулетбек Райымбек  жақсы өнер көрсетті. 4-сынып оқушылары Хрипко Елизавета, Дәулетбек Жанерке,Дәуренбек Ұлпан өз шығармаларында қазақ тілінің бай, көркем тіл екендігін жазған. Хрипко Елизавета қазақ тілінде сөйлейтіндігін мақтанышпен айтып өткен. Дене шынықтыру мұғалімі Мукапил Еркебұлан7-9 сыныптар арасында спорттық іс-шаралар ұйымдастырды.  «Қазақ тілінің білгірі» сайысын Нұғыманова Жадыра Болатбекқызы 6-7 сыныптарда өткізді.

Жеті кезеңнен тұратын сайыста оқушылар мәнерлеп оқудан, мақал-мәтелдер айтудан, қазақ тілінің ережелеріне арналған тапсырмаларды орындаудан сайысқа түсті. Қорытындысында «Тапқырлар» тобы атанған 7-сынып жеңіске жетті. Барлық сайыстарда 7-сынып оқушысы Әбутәліп Айгерім жақсы білімімен көзге түсті. 5-8 сыныптар арасында Құрманова Қ.Е. «Әдебиет әлемінде» атты зияткерлік ойын өткізді. Ойын барысында оқушылар ақын-жазушылардың фото-суреттері бойынша  берілген тапсырмаларды орындады. « Ыстық орындық» ойынында  әрбір сыныптан бір оқушы шығып, сұрақтарға жауап берді.

   3-деңгейлі курсты бітіріп келген орыс тілінің мұғалімі Нугуманова Әсел Ақылбаевна 5-сыныпта жаңа технология бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақта оқушылар екі топқа бөлініп, тіл, кітап туралы өз ойларымен бөлісті. Тақтаға шығып, әр топ өз пікірлерін қорғады. Сергіту сәтінде қағаздан жасалған ұшақтар ұшырып,қағазда кім туралы жазылғанын тапты.

«Үш тұғырлы тіл» тақырыбы бойынша мұғалім Нугуманова Ә.А. 6-8 сыныптарда сыныптан тыс іс-шара өткізді.Әрбір сыныптан үш оқушыдан шығып, берілген мәтінді қазақ, орыс ағылшын тілдерінде оқыды.Үш тілде айтылған өлеңдерді кім орындағанын тауып, өздері де үш тілде ән айтты.Кештің соңында барлық оқушылар шығып, ағылшын тілінде ән айтып, флеш-моб биледі.

       Апталықтың жабылу рәсімінде іс-шараларға белсене қатысқан оқушылар Мақтау қағаздарымен марапатталды.

Қазанда оқушылар мұғалімдерді «Ұстаздар мерекесімен» құттықтады. Мерекелік концерт пен оқушылар өз-өзін басқару күні өтті. Осы айда сонымен қатар қарттар күні аталып өтті. Ауыл қарттарына арналып мерекелік концерт ұйымдастырылды, сонымен қатар «Қайырымдылық» тимурдың тобы қарттар мен жалғыз басты әжелерге барып көмектесті. Алтын күз мерексі өте тамаша өтті. Костьюмдер дайындады, әр түрлі табиғи материалдардан жасалған бұйымдар, тәтті салаттар, әр түрлі сахналық қойылымдар мен номерлерді көрсетті. Мерекелік кешті көрген ауыл тұрғындары мен қатар, оқушылардың ата-аналары кеш соңында мұғалімдер мен оқушыларға жылы лебіздерін айтып жақсы көңіл күймен үйлеріне кетті.

«Бүкіләлемдік Алкагольден бас тарту» күніне арнап Бағдат Нұрбек «Мен шарапқа қарсымын», тақырыбында тақырыптық лездеме өткізді.  8-сынып оқушылары «Бауырсақ және жаман әдеттер» тақырыбында сахналық көрініс көрсетіп, қызықты математикалық есептер шығарып көрсетті.

Сонымен қатар тоқсан бойы ата-аналармен жұмыс та үздіксіз жүріп тұрды. Тоқсан басында және соңында мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста сынып жетекшілері ата-аналармен тенингтер өткізді. Ата-аналарға балаларының үлгерімімен таныстырып, балаларының тәртіптері жөнінде айтып өтті.  

Демалыс кезінде сынып жетекшілері жоспар құрып және сол жоспарға сай жұмыс атқарда. Бастауыш сынып мұғалімі Уайс Гүлия «Ауыл көшелерінде жол ережесін сақта» атты жиын өткізіп, сұрақ қою арқылы оқушылардың білімін тексерді. Нұғыманова Жадыра «Сурет салу -шеберлік»-атты сурет сайысын өткізді, Садуова Айнұр – дидактикалық ойындар өткізді. Жоғары сынып оқушыларымен: Мукапил Е. – дойбы сайысын, Бағдат Нұрбек –  «Әдептілік пен арсыздық» атты әңгіме-дүкенін құрды.

20 қараша мектебімізде Бүкіләлемдік Балалар Күніне орай бастауыш сыныптар арасында көңілді жарыстар ұйымдастырылды. Оқушылар жақсы көңіл күй және шағын сйлықтар алды.

Бүкіләлемдік темекіден бас тарту күніне орай мектеп оқушылары суреттер салып бұл зиянды әдетке деген өз наразылықтарын білдірді. Оқушыларға арнап көптеген мағлұматтар ілінді және бейне көріністер көрсетілді.

26 қараша аға тәлімгер Бағдат Нұрбек Бүкіләлемдік сәлемдесу күніне орай өз сыныбымен тақырыптық лездеме өткізді. Оқушыларға әр елде қалай сәлемдесетінін көрсетіп, шағын сахналық көрініс көрсетті. Балаларға өте қызықты болды.

15 желтоқсанда аға тәлімгердің ұйымдастыруымен мектеп белсенділерін «Жас Ұлан» балалар ұйымына салтанатты түрде қабылдау өтті.  Мектеп директоры оқушыларды мерекемен құттықтап Галстуктарын және төс белгілерін  тақты. Сонымен қатар тәрбие ісінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне орай мерекелік концерт өткізілді. Аға тәлімгер Бағдат Нұрбектің орындауында «Желтоқсан желі» және Қайрат Рысқұлбеков рөлін сомдаған 8-сынып оқушысы Ақылтас Айым көрермендердің жүрегін қозғап ерекше есте қалды.

         29 желтоқсанда бастауыш сыныптарына арналған жаңа жыл ертеңгілігі өтті. Мерекені оқу ісінің меңгерушісі Есимова Г.С. өткізді. Оқушылармен дайындаған сахналық ертегі ретінде өтті. Оқушылар Аяз атаға арнап жаттаған тақпақтарын айтып, шыршаны айналып ән айтты. Оқушыларға арналған лоторея ұтыс ойыны өтті. Жақсы жаңа жылдық костьюм киген оқушыларға сыйлықтар берілді. 

         Жоғары сыныптарда жаңа жыл мерекесін мектеп психологы Есимова А.С. өткізді. Оқушылармен дайындаған сахналық ертегі ретінде өтті. Оқушылар Аяз атаға арнап жаттаған тақпақтарын айтып, шыршаны айналып ән айтты. Оқушыларға арналған лоторея ұтыс ойыны өтті. Жақсы жаңа жылдық костьюм киген, жақсы қабырға суретін салған сыныптарға сыйлықтар берілді.  

Демалыс кезі ұстаздар қауымы жоспар құрып сол жоспар бойынша жұмыс жасады. Бастауыш сыныптармен Уайс Г. «Ауылда жол ережесін сақтайық»,  Нугуманова Ж.Б. «Сурет салу -шеберлік» тақырыбында сурет салу сайысын, Құрманова Қ.Е. – дидактикалық ойындар. Жоғарғы сынып оқушыларымен: Мукапил Е. – волейбол ойынын, Нугуманов М.А. – теннис ойындарын өткізді.

5-8 сыныптардың сынып жетекшілері «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді.

Қаңтарда Құрманова Қ.Е. «Денім сау болсын десең» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.

Мектепте Аналар мерекесіне сынып жетекшілері сынып сағаттарын өткізді.

          «Анаға мың тағзым» атты 1-9 сыныптар арасында  мектепішілік іс-шара өтті. Оған негізінен оқушылар белсене қатысып, аналарын мектепке қонаққа шақырып  шағын концерттік құттықтау сәлемдерін жолдады. Өздерінің қолдарынан жасаған сыйлықтарын тарту етіп, тілектерін білдірді. Мерекеге келген аналар өздерінің жүректерінен шыққан жүрек жарды ыстық лебіздерін білдіріп, рахметтерін айтты. Малотюкты негізгі мектебінің «Анаға тағзым» күніне арналған шаралар жоспары құрылды: 5.03.2016 «Анаға тағзым күні» суреттер байқауы, 07.03.2016 «Анаға – мың тағзым» мерекелік концерт өтті.

         22- наурыз ұлттық мерекеміз. Бұл мерекеге жауапты мұғалім Құрманова Қарлығш Екпінқызы болды. Қарлығш мұғалімнің жоспары бойынша оқушылар ауыл - ауыл болып өнерлерін көрсетті.

1.Қазақ елі

2.Атамекен

3.Қызғалдақ

4.Байшешек

Әр ауыл өздеріне берілген тапсырмаларды толық орындады. женген ауылдарды наминациялар бойынша мадақтама қағаздарымен сыйлықтар үйлестірілді.Ойындар жүргізді мереке қызықты да көңілді өтті.

 

1-Мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні. Бұл мерекеге жауапты Бағдат Нұрбек. Мерекміздің басы мектебіміздің директоры Нұғыманов Медет Ақылбайұлының сөзімен басталды.Оқушылар әр ұлттың киімін киіп ән салып парад ұйымдастырдық. Парадта «Атамекен»,  «Күн әлемі», «Зеңгір көктем »  сияқты т.б әндер айтылды.


17-Мамыр Нугуманова Ж.Б. «Кітап біздің досымыз» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.

 

18-Мамыр Наурызова А.Т. «Тілашар - бастауышқа жол ашар» атты сыныптан тыс мерекелік іс шараысын өткізді. Өте тартымды да қызықты өтті.

 

9- мамыр Ұлы жеңіс күні. Бұл атаулы мерекеге жауапты Мукапил Еркебұлан мұғалім болды. Мереке «Арман» мәдениет ошағында өтті. Кеше тылда еңбек еткен ардагерлер шақырылды. Мерекміздің басы мектебіміздің директоры Нұғыманов Медет Ақылбайұлының сөзімен басталды.Мектебіміздің директоры өзінің ізгі тілегін «День победы» әнімен жеткізді. Ары қарай оқушылардың дайындаған бағдарламасымен жалғасты.

 

19- мамыр Ұландар күні. Бұл күні әдеттегідей оқушылар мектеп алдына жиналып сапқа тұрып жаттығу жасаумен басталды. Жаттығудан кейін оқушылармен серуенге шықтық. Онда өте көңілді болды әр-түрлі ойындар жүргізілді. Оқушылар мен мұғалімдер  футбол ойнады. Содан сынып-сынып пен тарап өздерімен алып келген сусын тамақтарын ішіп-жеді.Оқушылардың көңіл- күйі  жоғары болды. Барлығына ұнады қызықты болды.

 

         Салтанатты жиын 25. 05.16 сағат таңертеңгі  11.00-де басталды.

Жүргізуші  келген  меймандар мен оқушыларды, мұғалімдерді құттықтап 1- 9 сынып оқушыларын  ортаға шақырды.

ҚР әнұраны мен мемлекеттік туы енгізілді.

Сөз кезегі мектеп басшысы Нұғыманов М.А берілді.Ортаға 1-сынып оқушылары шығып, өздерінің шағын монтаждарын мәнерлеп айтып берді, ал 9- сынып оқушылары 1-сынып оқушыларына  өздері дайындаған сыйлықтарын ұсынды. Кеш соңында ата аналарға құттықтау сөз кезегі беріліп, Кенжетай Динаның әжесі жас бүлдіршіндерге, 9-сынып оқушыларына жақсы тілек тілеп бата берді.

 Сонымен бірге  мектепте "Достық "ұйымы жұмыс атқарды.

1-Маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай баларға мерекелік концерт өтті. Бұл мерекеге жауапты Уайс Гүлия. Мерекміздің басы мектебіміздің директоры Нұғыманов Медет Ақылбайұлының сөзімен басталды. Әр түрлі ойындар ұйымдастырылып барлық балларға мұзкәмпиттер таратылды. Келесі күннен мектеп лагері басталды. Алғашқы болып бастауыш сынып мұғалімі Тасмағамбетова А.Қ. бастады.

 

Салтанатты жиын 17. 06.16 сағат 15.00-де басталды.

Жүргізуші  келген  меймандар мен оқушыларды, мұғалімдерді құттықтап 9 сынып оқушыларын  ортаға шақырды.

ҚР әнұраны мен мемлекеттік туы енгізілді.

Ортаға 9-сынып оқушылары шығып, өздерінің шағын монтаждарын мәнерлеп айтып, жақсы ән салып берді. Сөз кезегі мектеп басшысы Нұғыманов М.А берілді. Сынып жетекшісі мен ата-аналарға құттықтау сөз кезегі беріліп, Кенжетай Динаның әжесі 9-сынып оқушыларына жақсы тілек тілеп бата берді. Кеш соңында мектеп директоры бұйрықты оқып оқушыларға куәліктерін табыстады.

 

 Мектепте "Достық"ұйымы жұмыс атқарды:

 

Аға тәлімгердің бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстарының есебі :

2017-2018 оқу жылының бірінші жартыжылдығында Малотюкты негізгі мектебінде қыркүйек айының басында Ұлан басы мен министрлерді сайлау өтті:

Ұланбасшысы  болып  - Рамазанов А

Білім бөлімі басшысы – Есимова А

Мәдениет және ақпарат бөлімі басшысы –Телемисова А

Салауатты өмір салты бөлімінің басшысы –Илюбаев К

Тәртіп бөлімі басшысы – Акылтас А

            2 - 5 қыркүйек аралығында денсаулық апталығы өтті. Оны денешынықтыру пәнінің мұғалімі Мүкапіл Еркебұлан өткізді. Ашылу салтанаты болды, әртүрлі қызықты ойындар өтті. Апталықтың соңында яғни 5 қыркүйек күні «Спорттық жанұя және спорттық коллектив» атты мерекелік сайыс өтті. Мерекеге барлық оқушылар мен ұстаздар қауымы  қатысты.

       Біздің мектепте қыркүйек айында сенбі күндері сенбілік өткізілді .

       Қазанда оқушылар мұғалімдерді «Ұстаздар мерекесімен» құттықтады. Мерекелік концерт пен оқушылар өз-өзін басқару күні өтті.

Осы айда сонымен қатар қарттар күні аталып өтті. Ауыл қарттарына арналып мерекелік концерт ұйымдастырылды, сонымен қатар «Қайырымдылық» тимурдың тобы қарттар мен жалғыз басты әжелерімізге қарттарға  барып көмектесті. Оқушылар 4 топқа бөлініп жүрді.Үй-үйлеріне барып бірі отындар жинап, біреулері ауласын тазаласып үй шаруаларына да көмектесті.Алтын күз мерексі өте тамаша өтті. Костьюмдер дайындады, әр түрлі табиғи материалдардан жасалған бұйымдар, тәтті салаттар, әр түрлі сахналық қойылымдар мен номерлерді көрсетті. Мерекелік кешті көрген ауыл тұрғындары мен қатар, оқушылардың ата-аналары кеш соңында мұғалімдер мен оқушыларға жылы лебіздерін айтып жақсы көңіл күймен үйлеріне кетті.

15 желтоқсанда мен мектеп белсенділерін «Жас Ұлан» балалар ұйымына салтанатты түрде қабылдау рәсімін өткіздім.  Мектеп директоры оқушыларды мерекемен құттықтап Галстуктарын және төс белгілерін  тақты. Сонымен қатар тәрбие ісінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне орай мерекелік концерт өткізілді. Бағдат Нұрбектің орындауында «Желтоқсан желі» және Қайрат Рысқұлбеков рөлін сомдаған 8-сынып оқушысы Ақылтас Айым көрермендердің жүрегін қозғап ерекше есте қалды. «Жас Ұлан» балалар ұйымының оқушылары белсене қатысты.

 

         Жоғары сыныптарда жаңа жыл мерекесін мектеп психологы Есимова А.С. өткізді. Оқушылармен дайындаған сахналық ертегі ретінде өтті. Оқушылар Аяз атаға арнап жаттаған тақпақтарын айтып, шыршаны айналып ән айтты. Оқушыларға арналған лоторея ұтыс ойыны өтті. Жақсы жаңа жылдық костьюм киген, жақсы қабырға суретін салған сыныптарға сыйлықтар берілді.  

 

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!- дей келе «Ана - өмірдің шуағы» атты халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шағын концерттік бағдарлама өтті. Мерекміздің басы мектебіміздің директоры Нұғыманов Медет Ақылбайұлының сөзімен басталды. Мерекеге жауапты Бағдат Нұрбек. 5-9 сынып оқушылары өздерінің тақпақтарын айтты. Айым мен Фаина,  Даулетбек Аружан, бастауыш сынып оқушылары өздерінің ізгі тілектерін әнмен бимен жеткізді.

 

22- наурыз ұлттық мерекеміз.Бұл мерекеге жауапты мұғалім Құрманова Қарлығш Екпінқызы болды. Қарлығш мұғалімнің жоспары бойынша оқушылар ауыл - ауыл болып өнерлерін көрсетті.

1.Қазақ елі

2.Атамекен

3. Байшешек

4. Қызғалдақ

Әр ауыл өздеріне берілген тапсырмаларды толық орындады. женген ауылдарды наминациялар бойынша мадақтама қағаздарымен сыйлықтар үйлестірілді.Ойындар жүргізді мереке қызықты да көңілді өтті.

 

1-Мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні. Бұл мерекеге жауапты Бағдат Нұрбек. Мерекміздің басы мектебіміздің директоры Нұғыманов Медет Ақылбайұлының сөзімен басталды.Оқушылар әр ұлттың киімін киіп ән салып парад ұйымдастырдық. Парадта «Атамекен»,  «Күн әлемі», «Зеңгір көктем »  сияқты т.б әндер айтылды.


 

 

9- мамыр Ұлы жеңіс күні. Бұл атаулы мерекеге жауапты Мукапил Еркебұлан мұғалім болды. Мереке «Арман» мәдениет ошағында өтті. Кеше тылда еңбек еткен ардагерлер шақырылды. Мерекміздің басы мектебіміздің директоры Нұғыманов Медет Ақылбайұлының сөзімен басталды.Мектебіміздің директоры өзінің ізгі тілегін «День победы» әнімен жеткізді. Ары қарай оқушылардың дайындаған бағдарламасымен жалғасты.

19- мамыр Ұландар күні. Бұл күні әдеттегідей оқушылар мектеп алдына жиналып сапқа тұрып Жаттығу жасаумен басталды. жатты.удан кейін оқушылармен серуенге шықтық. Онда өте көңілді болды әр-түрлі ойындар жүргізілді. Оқушылар мен мұғалімдер  футбол ойнады. Содан сынып-сынып пен тарап өздерімен алып келген сусын тамақтарын ішіп-жеді.Оқушылардың көңіл- күйі  жоғары болды. Барлығына ұнады қызықты болды.

 

 

 

 

 

25-мамыр соңғы қоңырау күні.Сыңғырла соңғы қоңырау атты мерекелік кештік өтті.Шағын концерттік бағдарламамен басталды.Кеш қонақтары  мектебіміздің директоры: Нұғыманов М.А, Мәлік Ғабдулин округінің әкімі:Абулкасова Ж.А ,КГУ орман шаруашылығының орынбасары Шаймерденов Қ.Т. болды.Үздік оқыған, жақсы оқыған оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.Сонымен қатар жақсы  атқарған қызметтері үшін мектеп директоры: Нұғыманов М.А ұстаздарды марапаттады.

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 23.01.2020 23:54
Құрылған күні: 07.10.2022 12:15

Текст