Тақырыбы: Өмір,қымбатсың маған!
Мақсаты: оқушылардың өмір құндылығы туралы түсініктерін одан әрі тереңдету.
Міндеттері:
- оқушыларға өмір құндылығы туралы тереңірек білім беру;
- өмірге құштарлықтарын дамыту;
- өмірдің мәнін түсінуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер
Шаттық шеңбері «Өмір жыры»
1.Өмір деген ойын да емес,той да емес,
Басқалардан биік тұрар бой да емес.
Өмір деген шахмат емес шатасқан,
Өмір деген ұта қояр дойбы емес.
Қайырмасы:
Өмір –қатаң емтихан,
Өтпейтіндер құлайды.
Қадіріне жетпейтіндер
Өмір бойы жылайды.
2.Өмір оны келе жатыр дәлелдеп,
Өмір деген - еңбек, еңбек және еңбек.
Өмір деген бақыттың да құсы емес,
Қарап жатсаң,қона қалар саған кеп.
Сұрақ-жауап: - Өмір дегенді қалай түсінесіңдер ?
Өмір сөзін тағы қалай айтуға болады?(тағдыр,тіршілік,махаббат)
Сәттілік сәті. Бір - біріне тілек айту арқылы жүрекшелерді сыйлау.
Оқу ақпаратын оқыту,әр ойды тиянақтау,мысал келтіру
Адам өмір бойы өзін-өзі тану,құндылықтарды пайымдау,жақсы қасиеттерді өз бойына дарыту арқылы кемелденуге талпынады.
Халқымыз:
«Жақсының жақсылығын айт - нұры тасысын,
Жаманның жамандығын айт - құты қашсын» - дейді.
Адам жаман - жақсыны ажырата біліп,жаманнан бойын аулақ ұстап, бойына жақсы қасиеттерді дарыта алғанда ғана дұрыс өмірлік айқындамасын таба алады.
Әңгімелесу.Өмір тек бақытты кездерден тұра ма?
Дәйексөз.
Адам боп оңай туғанмен,
Адам боп қалу көп қиын.
«Елім үшін жаным құрбан» деген мақалды қалай түсінесіңдер?
Бейбіт заманда елі үшін жанын пида еткен қандай ерлерді білесіңдер?
Қорытындылау.
Ең бастысы - жүрегің таза болсын;
Өмір - сенің мүмкіндігің,пайдалана біл;
Өмір - сұлулық,сүйсіне біл;
Өмір - арман,жүзеге асыр;
Өмір - парыз,орындай біл;
Өмір - ойын,ойнай біл;
Өмір - байлық,бағалай біл;
Өмір - махаббат,ләззат ала біл;
Өмір - құпия,сырын аш;
Өмір - қайғы,көтере біл;
Өмір - күрес,жеңе біл;
Өмір - бақыт,баянды ете біл.
Бағалау.
Өмірді аяла
Өзіңе сен,өзіңнің күшіңе сен,
Қос қолыңмен істелген ісіңе сен.
Алысыңда сыйлайды, жақыныңда,
Өзіңді өзің төменге түсірмесең.
Өз қайығың, бар болса өз ескегің,
Өмірде мен сені осал десем едім.
Қимылдай бер, тарта бер ескегіңді,
Шыдады алдан жап-жарық келешегің.
Қозғалмасаң, тоңазыр көлеңкең де,
Ескегіңді ес, бір мезет тоқтай көрме.
Өз қайығың болғаны қандай жақсы,
Қашан, қайда барсаң да өз еркінде.
Өкінсең де өткенің оралмайды,
Өшкен отың қайтадан жана алмайды.
Сен жасаған күнәні бір досың да
Бөліп-жарып өзіне ала алмайды.
Сабақтың тақырыбы: «Өмір қымбатсың сен маған!»
Сабақтың мақсаты:
1. Өмірге деген бейімділік,табандылық қарым-қатынаста болуын қалыптастыру,өмірдің құндылығын сезіндіру.
2. Түрлі мәселелер туралы психологиялық білім беру,олардың алдын алу.
3. Бір-бірімен қарым-қатынас машығын қалыптастыру.
4. Қайырымдылыққа,білімділікке,адамгершілікке тәрбиелеу.
Міндеттері:
- өмір жолының,өз алдына қойған өмірлік мақсат-мұраттары мен жалпы адамгершілік құндылықтардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру;
- оқушыларды өз өмірінің мәнін түсіне білуге,рухани өсуге және жақсы мен жаманның аражігін ажырата отырып,өмірлік айқындамасын белгілей білуге үйрету;
- оқушыларды өз өміріне,өз сөзі,ойы және әрекетіне мұқият болуға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Бір-бірімізге деген мейіріммен, жылы сезімдерімізді ояту үшін, жақсылап бір ерекше амандасып алайықшы.
Амандасу түрлері
Ол үшін, сыныптың ішін еркін аралап жүреміз. « Бір-бірлеріңе жақындандар» дегенде өздеріңе жұп табасыздар. Содан кейін мен, сіздерге тапсырма беремін. Бастайық!
Енді, бір-бірлеріңе қол алмасыңдар, жақындасындар-аяқ-аяғымызды, қол қолдарымызбен, иық-иықтарыңызбен,бет-беттеріңізбен,мұрын-мұрындарыңызбен амандастырамыз. (жақсы,өте тамаша!)
Ендеше,осы жақсы көңіл-күйімізбен орнымызға жайғасайық.
Олай болса,мен бүгінгі сабағымды Тұманбай Молдағалиев ағамыздың өлеңімен ашқым келіп отыр. Ал, сіздердің міндеттеріңіз осы өлеңде ақын ағамыз не жайлы жырлаған мұқият тыңдау.
Адам күліп қарсы алады таң нұрын,
Адам жырлап жөнелтеді әр күнін.
Сәл қайғырса,ол ұғына түседі,
Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.
Адам күліп қарсы алады таң нұрын,
Адам жырлап ұзартады әр күнін.
Сәл қуанса,шығарады ол естен,
Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.
Осы өлеңде не жайлы жырлаған?
Әрине,өмір жайында. Ендеше бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Өмір қымбатсың сен маған!»-деп аталады. Сіздер жақсы орналасқан екенсіздер, ендеше 2 топқа бөлінейік:
1) Өмір 2) Бақыт
Сұрақ:
Ал,балалар «өмір» деген сөзді қалай түсінесіндер?
Өмірдің мәні неде?
Өмір адамға несімен қымбат?
Ал,бақытты қалай түсінеміз?
Бақыт адамға не үшін керек?
Бақытқа жету үшін адамға не істеу керек деп ойлайсыңдар?
Қандай адамды «Басына бақ қонған» деп айта аламыз?
«Өмір» мен «Бақыттың» айырмашылығы неде?
Ендеше сіздер қалай ойлайсыздар, жалпы бақытты дүкеннен сатып алуға бола ма?
-Елестетіңіздерші, бүгін біздің дүкенге бақытты әкеліпті. Ол бір қорапқа салынған.
-Ол қораптың сырт пішіні, яғни түсі қандай деп ойлайсыңдар?
-Бақыттың иісі қандай?
-Ол жылы ма,әлде салқын ба?
-Бақыттың дыбысы қандай?
-Бақытты адамды қалай танисыңдар?
-Өздеріңіз қандай уақытта бақытты боласыңдар? Ол үшін не керек?
- Олай болса,тақтаға қарап,ойланыңдар. Бақытты болу үшін ең алдымен не қажет?
Ақша
Бақыт- Компьютер
Тәтті кәмпит
Түсінушілік
Бақыт әркімнің өзіне, өмір сүрген ортасына, жағдайына байланысты.
Бақыт дегеніміз-өмірді өз орнында,өз қалпында шамасы келгенше үлгілі өмір сүру, адал болу, майдалықтан, іштарлықтан қашық болу. Өмірдің кедір-бұдыр жерлері толып жатыр. Олар әр адым сайын ұшырасады. Оларды именбеу, жасқанбау, азаматтық міндетін адал атқару мен ар-намысты қорғау-ол да бақыттың бір шыңы. Ештеңеге мойымай, өзіңе сенімді болсаң, міне сол бақыт. Қиындықты жеңсен-бақыт.
«Бақыт»-ол адамның ішкі дүниесіне байланысты. Кейбір адамдар, бақытты тәтті шоколад жепте сезінеді. Ал, кейбіреулері спортпен шұғылданып сезінеді. Әр адам өзіне ұнайтын іспен шұғылданса, сонда бақытты болады.
Олай болса, өте жақсы балалар. Өмір мен бақыт жайында жақсы біледі екенсіңдер. Олай болса, бізге екі жасөспірім өз қиындықтарымен бөліскісі келеді екен, соларды тыңдап өз ақылымызды қосайық.
Қандай кеңес айтасыңдар?
Өзім: Адам өзге тұрмақ,өзінен жасырар ойы болады. Әркімнің өз тілегі өзінде,қайғысы да қабырғасының астында. Бірақ адамның ең басты қасиетінің өзі-туған күнінен бастап жалғыздықпен күресіп,арпалысуы,ізденуі болмақ. Әйтпесе шын мәніндегі жалғыздық түпсіз қара түнек,шыңырау,ауыр жүк. Сондықтан адам баласы туа салып айқайлап жылап,қасына адам жинайды,анасын іздейді. Дос іздейді. Махаббат іздейді. Қоғамнан өз орнын,тіршіліктің мақсатын іздейді. Өмірдің өзі ақ пен қарадан,ауыр мен жеңілден тұрады. Барлық қиындықты жеңсек-өмірдің мәні,адамның ұлылығы болмақ.
Ендеше,осы екі жасөспірім біздің кеңесімізді тыңдап,жақсы мақсат қойып,өмірлері мәнді де,мағыналы болады деген ойдамыз.
Балалар,біздің ақын ағаларымыз,қазіргі жас ақындар осы «Өмір» мен «Бақыт» жайында көп жырлаған. Қанекей,кім бізге өлең шумақтарын оқып береді?
Оқушылар өз өлеңдерін оқиды.
Мүмкін өз ойларыңызды, газет бетіне түсірерсіздер. Екі топ өз газеттерін суреттеп немесе өз ойларыңды жақсылап өлең шумақтарымен келтіресіздер ме, ерік өздеріңде.
Әр топ өз жасаған жұмыстарын басқаларымызға түсінікті болу үшін талдап айтып берулеріңіз қажет.
Ал, енді, олай болса, біз сіздермен мынандай ойын ойнап жіберсек қалай қарайсыздар?
Ойын «Түсін мені»
Мақсаты: бір оқушы жазылған парақтағы сөзді ыммен түсіндіреді ,ал қалған оқушы соны табу керек.
Бақыт өлеңі оқылады. Компьютерден
Міне, өмір, бақыт дегеннің не екенін манадан талдадық олай болса сіздердің осыдан не түйгендеріңізді тыңдағым келіп тұр.
Балалардың ойларын ашық айтуы.
Ұран:
1 топ. Біз өмірді сүйеміз!
2. топ. Бақытты өмір сүреміз!
Барлығы қосылып.Біз бәріміз біргеміз!
Жүректен- жүрекке. Бір-бірлеріне тілек айтады
Бүгінгі сабағымды қорытындылай келгенде:Бізден асқан бақытты жан жоқ екеніне көзіміз жетті.Сіздер қалай ойлайсыздар?
Біз бақыттымыз, себебі біз тәуелсіз мемлекетте өмір сүреміз.
Қорытынды:
Сабақтың тақырыбы: «Денсаулығым байлығым»
Мақсаты:
Білімділік - жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру.
Дамытушылық - сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.
Тәрбиелік - денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, әдемі болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, мақал - мәтелдер
Барысы: Ой ашар сұрақтары:
А) Ол судан қорқады, одан кір қорқады. (сабын)
Ә) Тіс тазартатын құралдар?(тіс щеткасы мен паста)
Б) Денені шынықтыратын, денсаулыққа әсері мол сабақ(дене тәрбие сабағы)
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Кіріспе.
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы.
Ауруды емдеуден гөрі оның алдын алу керектігін айтылады. Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз салауатты өмір салтын сақтау мақсатында «Денсаулығым байлығым» деп аталады.
Денсаулық – ол күлуің,
Көңіл-күйің жадырай.
Денсаулық – ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
Мұғалім:
Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл күйі көтеріңкі болып, еңбекке,сабақ оқуға әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың жаны сау» деп бекер айтпаған. Отанымыздың келешегі, көркеюі балалар сіздердің қолдарыңызда. Сондықтанда сендердің таңдауларын - салауатты өмір салтын сақтау.
Балалар өмірдегі басты байлық не деп ойласыңдар?
Әрине, Денсаулық.
Денсаулық адам ағзасының қалыпты, дұрыс жұмыс істеуі.
Денсаулық дұрыс тамақтану.
Денсаулық тәулігіне 10 сағат ұйықтау, ұйқы ең алдымен миды тынықтырады.
Денсаулық таза ауада көбірек жүру.
Денсаулық тазалық сақтау.
Денсаулық тамақты шамадан тыс тойып ішпеу.
Денсаулық тамақтан соң ауызды шайып, қолыңды жу.
Мұғалім:
Денімізді сақтау үшін зиянды әдеттерден аулақ болу керек.
Адам денсаулығының достары және қастары да бар.
Адам денсаулығының жақын достары не деп ойлайсыңдар?
( тазалық, спорт, таза ауа, дұрыс тамақтану, күн тәртібі.)
Адам денсаулығының қастары.
( шылым шегу, ішімдік ішу, салақтық, жалқаулық.)
Денсаулық болса бәрі болады тазалық, дене шынықтыру, дұрыс тамақтанудың адам денсаулығы үшін маңызы зор.
(Есікті қағып Жалқаубек келеді)
- Сәлеметсіздер ме? Сіздерде керемет сабақ өтіп жатқанын естіп, балалармен бірге тамақтану құпиясын білейін деп келдім және балаларға тәтті сусын, сағыз, чипси әкелдім.
Міне сендерге әкелдім деп сөмкесінен шығара бастайды.
Мұғалім: -Жалқаубек асықпа, бізбен бірге отыр. Қазір сенің әкелген тамақтарың туралы білетін боламыз.
- Газды сусынның құрамында консерванттар, бояғыш пен ароматизатор беретін, иіс беретін заттар кіреді, олар асқазанға жағымсыз әсер етеді. Газды сусында мөлшерден көп қант тіс құртының пайда болуына себепкер. Сусынның құрамында дәрумендер мен минералды заттар жоқ.
- Ал, көп балалар жақсы көретін сағыздың құрамында да қант көп, соның әсерінен іш ауруы, ішегінің тас болып қатып қалуы, абайсызда жұтып қоюуы өте қауіпті. Ал чипсидің құрамында бірнеше зиянды заттар бар, Бұл заттар жүйке жүйесіне улы әсер етеді.
- Жалқаубектің әкелген тамағын аласыңдарма?(балалардың жауабы тыңдалады)
Тиімді тамақтанудың денсаулық үшін маңызы зор.
Ет, балық, ұн, сүт тағамдарының әрқайсысының орны бөлек. Сонымен қатар жеміс – жидектерді көбірек жеген жөн. Олардың құрамында адам денсаулығына қажетті дәрумендер өте көп.
Сонымен қатар шамадан тыс көп тамақтану да зиян.(әр түрлі тағамдардың суреттерін көрсету)
« Пайдалы азықтар!
Балық: Қартаюға қарсы ең жақсы азық ,миды және жүректі қорғайды. Рухани жағдайды реттеп, қан құрамындағы шекерді қалыпқа келтіреді.
Сүт: Витамин, минерал және пайдалы бактерияларға өте бай.
Қызыл ет: Жайлауда жайылған малдың еті, яғни өңдеуден өтпеген қызыл еттер пайдалы.
Етте толып жатқан минералды заттар мен дәрумендер бар.
Жұмыртқа: Ең зиянсыз ас. Миды қорғайды және көз саулығын күшейтеді.
Алма – дәрілерден аспирин орнына жүреді. Сүйекті қуаттандыратын K витамині бар.
Пияз және сарымсақ – инфекцияларды жояды. Жүрек ауруы қаупін 20%-ға азайтады.
Айран, сүзбе, ірімшік – тістің саулығы үшін пайдалы, кальцийдің қоры
Қызылша – бүйректерге пайдалы, тұз мөлшерін реттейді.
Банан – жүректің соғуын дұрыстайды, қан қысымын реттейді.
- Балалар денің сау болу үшін таза болып жүру мен бірге тағы не істеуіміз керек?
Оқушылар. Таңертеңгілік жаттығу жасап, спортпен шұғылдану керек.
Адамдар әрқашан қимылды қозғалыста жүрсе біздің ағзамыздағы қан жүрісі де қозғалыста болып жұмысы жақсарады. Ауруларға қарсы тұра алатын боламыз.
Сергіту сәті
Сағаттың тіліндей
Иіліп оңға бір
Сағаттың тліндей
Иіліп солға бір
Сағатқа қарап ап
Жаттығу оңай ақ
Қақпаға туралап
Теп допты оң аяқ
Теп допты сол аяқ
Ал балалар, бір ауық
Әріп сырын ұғайық
А дегенде отырып
Б дегенде тұрайық
А - Б, А – Б, А – Б.
Шығармашылық жұмыс
- Балалар, денсаулыққа байланысты қандай мақал – мәтел білесіңдер?
(Мақал-мәтелдің мағынасын ашу)
1.Денсаулық – байлықтан қымбат.
2.Шынықсаң шымыр боласың.
3. Тазалық саулық негізі,саулық байлық негізі.
4.Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде.
5.Емнің алды-еңбек.
Сұрақтар:
1. Адамның дені сау болу үшін қандай шарттарды орындау қажет?
(Денесін, беті – қолын киімін әрдайым таза ұстау керек. Зиянды заттардан аулақ болу керек.)
2. Тамақтану алдында не істеуіміз керек?
(тамаққа отырар алдында қолды жуу керек)
3. Жеміс – жидектерді жемес бұрын не істеу керек?
(жеміс – жидектерді жақсылап жуып алу керек.)
4.Денсаулықтың достарымен қастарын ата?
(достары -тазалық, дұрыс тамақтанып жүру,денені шынықтыру)
(қастары- жалқаулық, еңбек етпеу ,жуынбау)
Деніміз сау болсын десеңдер, міне жоғарыда айтылғанның бәрін денсаулық үшін істелетін жұмыстар. Таза ауада демалу, спорпен шұғылдану, денені күтіп ұстау, еңбек ету, дұрыс тамақтану барлығы салауатты өмір салтына жатады. Осы айтқандарды күнделікті тұрмыста пайдалануымыз керек
«Дәрігер мен бала» атты көріністі тамашалайық.
Есік қағылады. Ішке бала кіреді.
Дәрігер:- қандай себеппен келдің?
Бала:- Басым, көзім ауырады, ұйқым келе береді.
Дәрігер:- Сағат нешеде тұрасың?, нешеде ұйықтайсың?
Бала:- Түнгі 2-3-терде ұйықтаймын, 11 -де тұрамын.
Дәрігер:- Асқа тәбетің қалай? қалай тамақтанасың?
Бала:- қолыма не түседі, соныжейсаламын.
Дәрігер:- Неніұнатасың?
Бала:- Теледидар көргенді, компьютерде ойнағанды ұнатамын.
Дәрігер:- Оған қанша уақыт бөлесің?
Бала:- ұйқым келгенше ойнай беремін.
Дәрігер:- Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, бұл бала неліктен ауырады?
Себебін айтып, кеңес беріңдер.
Тәрбиеші
:Балар, деніміз сау және күшті болып өсуіміз үшін не істеуіміз керек?
- Иә, дұрыс ол үшін күн тәртібін сақтау керек. Уақытымен ұйықтап, ұйқыдан тұрған соң төсек орнымызды жинап, жуынып таңғы жаттығу жасауды әдетке айналдырып, таза жүрсек, өз-өзімізді күте білсек , деніміз сау болады.
- "Тәні саудың -дені сау" демекші, егер адам әрдайым жақсылық жасап, алғыс алып жүрсе де оның жан дүниесі, тәні таза болады. Егер тәнің сау болса, онда денің де сау болады.
Үлкен кісілермен амандасып жүр. Сау болғың келсе, баршаға саулық тіле.Жалғыз басты кәрі кісілерге, мүгедектерге көмектес. Сонда сен алғысаласың, достарың да көпболады.
Қызғаншақболма! Өзбойыңдағы жалқаулықты, қорқақтықты таста! Өтірікайтпа, жаман ойларданаулақ бол. Ауыра қалсаң, көп уайымдама. Бастаған істі аяқта! Жақсы оқы.
- Адамның ішкі ойы таза болса, дені де сау болады. Барлық уақытта адамдар мен айналаң туралы жақсы ойласаң және оларға жақсылық тілесең, өзіңді әрқашан жақсы сезінесің
Гүл ұстаған балалар шеңберге дөңгелене отырады, бір-біріне жылы,жақсы лебіздерін айтып , денсаулық тілеп, гүл ұсынады. Гүл шоқтары бірте-бірте көбейіп, жылы лебізді бастап тілеген баланың өзіне бір құшақ гүл- «Тілек шоғы» болып оралады.
«Өзгелерге денсаулық тілеп, жақсылық жасаса, ол өзіңе- ақ оралады», - деп мұғалім қорытынды жасайды.
- Міне, балалар, неткен керемет нұсқаулар айтылды, бұлардың барлығын күнделікті іске асырайық.
Тәрбие ісінің меңгерушісі: Бекітемін:
Бағдат Н. Мектеп директоры:
Нұғыманов М.А.
Малотюкты негізгі мектебі
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Денсаулығым байлығым!»
4-сынып
Өткізген: Нұғыманова Ж.Б.
2019 оқу жылы