«Ақмола облысы білім бөлімінің Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің Кіші Түкті ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение " Основная средняя школа села Малые Тюкты отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Как изменится Instagram в 2018 году Картинки по запросу почта

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстанда жеңіс күні

08.05.2019

«Жеңіс күні» әнінің сүйемелдеуімен, музыкасы Д. Тухмановтікі және сөзі В. Харитоновтікі, балалар залға кіреді және орталық қабырғаның жанына жартылай шеңбер жасап тұрады. Жүргізуші. Жеңіс күні бар әлемге әйгілі, Көктем шуақ-9май күні. Айтшы, кәне, біздің жеңіс шеруі, Кездейсоқ па көктемге сай келуі. (Балалар өлең оқиды) Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем боп, Көңілдерге шұғыласын төккен көп. Сонау жылы 9 май күні, Алмастырған қуанышқа қайғыны. Күткен Жеңіс жарқ етті сәуле шашып, Жеңіс келді, қуандық көңіл тойып, Жауды жойып батырлар елге оралды, Ата-анамен қауышты құшақ жайып. Мамыр келді ағаштар бүрін жарып, Бейбіт өмір оралды күні жарық. «Шүкір» деп әжелер жүр ақ жаулықтың Ұшымен көздің жасын сығып алып. Аспанда күн жарқырап күліп тұрды, Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды. Соғыстан соңғы сәби күлкісімен Қара күндер қайғысын ұмыттырды. Бақыт сыйлап жатады әр күн Санамызға жарық берген Әкелері аталардың Бұл Жеңісті алып келген. Қуантамыз ән сап жұртты, Келе берсін бақыт таңы. Жеңіс күнің болсын құтты, Батырлардың ұрпақтары. «Алар жау сыбағасын оңбай бізден», Шығамыз Соңғы күшпен, Соңғы айбынмен, Қорғаймыз байтақ елді, Өйткені оны Әр ұрпақ өз тұсында қорғай білген. Жүргізуші. Балалар, бүгін біз халқымызбен бірге ұлы Жеңіс күнін тойлап жатырмыз. Біз Отанымыздың жауларымыздан азат етілген күнін тойлаймыз. Бірақ бізге жеңіс оңай келген жоқ. Көптеген азаматтарымыз үйлеріне қайтып оралмады, олар ерлікпен қаза тапты. Бірақ олар біздің жүрегімізде мәңгі өмір сүреді, жадымызда мәңгі сақталады. Оларға естелік ретінде мәңгілік алау жағылды және ол мәңгілік жанып тұрады. Бала. Жеңем деген ел сөзін! Тұрды ажалдан жоғары Өмір, адам жұлдызы, Тұрды ажалдан жоғары Жеңіс туы қырмызы, Тұрды ажалдан жоғары Отан, ұрпақ болашақ. Тұрды ажалдан жоғары Өмір нұры жарқырап.

 

 

Просмотров: 258


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст