«Ақмола облысы білім бөлімінің Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің Кіші Түкті ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение " Основная средняя школа села Малые Тюкты отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Как изменится Instagram в 2018 году Картинки по запросу почта

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жазғы демалыс кезіңдегі балалардың өмір қауіпсіздігі

13.06.2019

Жазғы демалыс кезіңдегі балалардың өмір қауіпсіздігі

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Балалардың үйде, көшеде, табиғатта қауіпсіздік ережесін сақтай білу жөніндегі білімдерін бекіту, қауіпті заттармен, қауіпсіздік жағдайлармен таныстыру және олардан сақтана білуге үйрету.

2. Дамытушылық: табиғаттағы қауіпсіздік шаралары туралы білімдерін кеңейту.

3. Тәрбиелік: өз жеке басының қауіпсіздігін  дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу.

алғашқы дәрігерлік көмектің қарапайым түрін көрсете білуге үйрету;

• Ойлау, пайымдау, еске сақтау, логикалық ойлау дағдыларын дамыту;

• өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

 

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа сай суреттер, 101, 102, 103,104 телефондары жазылған карточкалар, слайд, бейнебаян

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі (3 минут)

1. Сәлемдесу

2.  Оқушыларды топқа бөлу

1 топ — үйдегі қауіпсіздік

2 топ — өрт қауіпсіздік

3 топ – су қауіпсіздік

4 топ-  жолда журу қауіпсіздік

 

ІІ.   Балаларға сабақтың тақырыбын сурет арқылы анықтату.

 

Өмірден қымбат еш нәрсе жоқ, өйткені өмірде бәрі бар. Қазіргі заманда өмір ең қымбат байлық болып келеді. Адамның ең негізгі мақсаты ол — өмірді сақтап қалу.

Көп жағдайларда өз өмірін сақтап қалу және өз жақындарының өмірін сақтап қалу үшін қарапайым ережелерді білуіне байланысты болады. Мысалы: төтенше жағдайлар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсете білу, сақтана білу т.с.с… Өмір қауіпсіздік негіздерін ӘР ҚАЙСЫСЫ білу керек және түсініп отыру керек, өз уақытында бәрін дұрыс жасауы денсаулыққа және өмірге қаншалықты маңызды екенін білу керек.

 

Қай жерде сіз болсаңыз, жалғыз, достарымен, отбасымен, жолда жұмысқа бара жатқанда, демалыста немесе үйде, әрқашанда есіңізде сақтаныз, өмірде көптеген жағдайлар болады. Олар әдеттегідей әр-түрлі жағдайларға әкеліп соқтырады. Бұндай жағдайға ұшыраған кездерде сабырлық сақтау керек. Осы Қауіпсіздік бұрышы бөлімінен өмірге ең керекті қауіпсіздік ережелерімен таныса отырып,  дер кезінде өз өмірімізді сақтап қалуға тырысайық.  Сол себептен бұны білу және оны дұрыс қолдану әркімнің міндеті.

 

ІІІ. Постер кұру

ҚАУАПТІ ЗАТТАР

 

ІҮ.   Техника кауіпсіздігі

Үйде қауіпсіздік сақтау тәртібі

Ø  Егер сен үйде жалғыз қалсаң, қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұмытпа.

Ø  Су қолмен электр құралдарына, розеткаға, тоқ қосқышқа жанасуға болмайды.

Ø  Плитаның үстінде шәйнек, таба, кастрөл тұр. Олар – ыстық. Оларды алу үшін арнаулы қолғап не шүберек керек.

     

Өрт қауіпсіздігі ережесі

        Егер өрт қатты жанып тұрса, онда сіздің негізгі мақсатыңыз тез үйден кету. 101-ге хабарласып өрт сөндірушілерді шақырту. Егер өрт қатты жанып тұрмаса да, бірақ үйдің іші қатты түтін болса, үйден тез кету керек. Түтін өрттен де қауіпті болады.

 

су қауіпсіздік

Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары

    — Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз.

     — Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз.

     — Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар.

     — Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз.

     — Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз.

     — Қоршау белгілерінен, буйлардан тысқары аумаққа шықпаңыз.

     — Техникалык ескерту белгілерінің, буйлардың және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар

 

жолда журу қауіпсіздік

1. Жолдан жаяу жүргіншілерге арналған жерден өт

2. Жолдан өтерде алдымен солға ал бөлгіш жолақтан кейін оңға қара

3. Жолдан бағдаршамның жасыл түсі жанғанда ғана өт

4. Егер, жаяу жүргіншілрге арналған жол болмаса жаяу жүргінші жолдың шетімен қозғалысқа қарсы жолмен жүруге тиісті.

5. Жолдың машина жүретін бөлігінде ойнауға болмайды.

6. Келе жатқан машина алдынан жолды кесіп жүгірме.

7. Машинадан түскенде артынан айналып өту керек.

 

Сергіту сәті “Ұйқасың тап»

• Бір, екі, үш, төрт, пәтерде болып жатыр …….(өрт)

• Түтін басып кетіпті, сөндірмеген біреу……(үтікті).

• Қызыл жалын лаулады, демек шырпымен біреу……… (ойнады)

• Тек тұрғаның жарамас, тез 101 ге сен …… (хабарлас)

• Өртке оранды шатыр, өртсөндірушіні тез…….( шақыр)

ТОПТЫҢ ҚАУІПІ

 Егер сіз жүгіріп келе жатқан бір топ адамды көрсеңіз, оның жолынан тез кетіп қалыңыз. Егер олардың аяғының астында қалсаңыз өте қатты жарақат алуға болады.

Егер топ адамның арасында қалсаңыз қозғалмайтын нәрседен ұстап жібермеуге тырысыңыз.

Егер сіз тобырдың арасында қалсаңыз тезірек жүгіріп, өзіңізге кеңістікті ашу үшін шынтағыңызды алдыға созуға тырысыңыз..

Егер сізді құлатып тастаса шетке домалап шығуға тырысыңыз және аяқты бүгіп басыңызды қолмен қорғаңыз.

 

 ИТТІҢ ШАБУЫЛЫНЫҢ ҚАУІПІ

 Иттің жанынан өткенде ешқашан оның көзіне карамаңыз. Ол сізді өзіне шабуыл жасайын деп жатыр деп ойлайды.

Егер ит сізге шабуыл жасаса, онда сіздің іс-әрекетіңіз мынандай болу керек:

1.      Итті ұрмай, қатты айтыңыз: «Сидеть», «Стоять», «Отыр», «Тұр». Үйретілген ит бұл бұйрықты түсінеді.

2.      Егер сізге ит секірсе, онда оған шынтақты төсеңіз. Аурғанына шыдап шынтағыңызды иттің ауызына тереңрек итеріп жіберіңіз. Иттің тістегені әлсіреуге тиісті. Қолыңызды қатты тартпаңыз, әйтпесе сізде қатты жарақат болу мүмкін.

3.      Ит тістегеннен кейін дәрігерге жолығыңыз. Ол сізге құтыруға қарсы дәрі егуі керек. Тістеген жерін сабынды сумен жуыңыз.

4.      Егер ит иесімен қыдырғанда сізді тістесе, онда иттің иесінен құтыруға қарсы  жасалған прививкасын сұраңыз.

 

Ү.     Қорытынды

Жарайсыңдар, балалар! Қауіпсіздік ережелерін жақсы біледі екенсіңдер,

өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарап, қауіпсіздік ережелерін сақтай журесіндер

Просмотров: 329


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст