Рухани жаңғыру- болашаққа бағдар.
Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
бағдарламасын жүзеге асыру барысында біз, Малотюкты негізгі мектебі ұжымы, өз
үлесімізді қоса білуіміз керек.
Қазақстан жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің мақсатымыз – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына
қосылу.
Бүкіл әлем күн сайын өзгеріп, дамып жатыр. Біз де осы үдерістен қалмай,
ілесіп, тіпті оза шауып отыруымыз қажет. Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері саяси
және экономикалық жағынан болсын, білім саласынан болсын жаңғыру үстінде.
Қаншама сүбелі істер атқарылды.
Әлемдік білім беру стандартына сай біздің мемлекетіміз де білім берудің
озық технологияларын енгізе отыра, бүгінгі күні білім берудің жаңартылған
заманауи оқу бағдарламаларын сатылап енгізіп жүзеге асырып жатыр.
Ұстаздардың алдына қойылған басты мақсат– бәсекеге қабілетті тұлға
қалыптастыру, олардың функционалдық сауаттылығы мен сыни тұрғыдан ойлау
қабілеттерін дамыту. Сонымен қатар, компьютерлік сауаттылық пен үш тілді
меңгеру – әрбір қазақстандықтың алға басуының ең қажетті алғышарттары.
Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру -Қазақстанның жаңғыруының бір кезеңі.
Осынау ауқымды жұмысты бастауға қажетті дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Әрбір қазақстандық үшін ұлттық сана – сезім, ұлттық салт – дәстүр, ұлттық
рух бойымызда қалуға тиіс. Рухани жаңғыру аясында озық салт – дәстүрімізді
дәріптеп, ұлттық мәдениетімізді сақтап, көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын
кейбір дағдылар мен әдеттерден арылуымыз керек. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген
ішкі ұмтылыс дамуымыздың ең басты қағидасы.
Осы ретте мектебімізде ең әуелі ұстаздар арасында дөңгелек үстел
ұйымдастырылып, Елбасымыздың Жолдауымен танысып, талқылады.Мектеп ұстазы Құрманова Қ.Е. «Рухани жаңғыру» атты баяндама оқыды. Сынып жетекшілері әр сыныпта
сынып сағаттарын өткізіп оқушыларды таныстырып, түсініктеме жұмыстарын
жүргізді. Тәрбие ісінің меңгерушісі Бағдат Ж . Елбасымыздың Жолдауына байланысты слайд көрсетті.
«Малотюкты негізгі мектебі» КММ
Тәрбие ісінің меңгерушісі Бағдат Ж