«Ақмола облысы білім бөлімінің Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің Кіші Түкті ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение " Основная средняя школа села Малые Тюкты отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Как изменится Instagram в 2018 году Картинки по запросу почта

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Білімдіге дүние жарық»

28.03.2017

«Білімдіге дүние жарық»

 

          Жас

ұрпақты білімді етіп  тәрбиелеудегі

негізгі қоғамдағы басты сала – білім беру жүйесі. Ал білім беру жүйесіндегі

басты тұлға – мұғалім. Мұғалім алдындағы үлкен міндет-  жаңа технологиямен жұмыс жасай отырып,шәкіртінің

білімін шыңдай түсу.

   Осыған орай

Малотюкты негізгі мектебінде 30 қаңтар - 6 ақпан аралығында математика, физика,

информатика пәндері апталығы өтті. Осы апталық барысында оқушылар алған

білімдерін толықтырып, шыңдай түсті. Апталықта пән мұғалімдері

5-9-сыныптар арасында ашық сабақтар, сыныптан тыс

іс-шаралар, қызықты ойындар өткізді. Атап айтсақ, физика пәні бойынша 7-9

сыныптар арасында «Физика ғылымын терең білгіштер» атты танымдық ойынды физика

пәнінің мұғалімі Хайрат Айболат өткізді.  Бұл ойын «Миллион кімге бұйырады?» интеллектуалды

ойынына негізделіп алынды. Ойынға әр сыныптан бір оқушы таңдалып алынып, физика

пәні бойынша қызықты сұрақтарға жауап бере отырып, жақсы нәтижелер

көрсетті.  Жеңіске жеткен оқушыларға

сыйлықтар және мадақтамалар табысталды.  Информатика пәні бойынша 5-9 сыныптар арасында

«Кім жылдам?» атты ойын-сайысы өткізілді. Ойын барысында логикалық  тапсырмалар мен сұрақтар болды. Сайыс ережесі

бойынша оқушылар екі топқа бөлінді. Топта әр сыныптан бір оқушыдан 5 оқушы

қатысты. Оқушылар сайысқа белсенді қатысып, информатика пәнінен үйренген

білімдерін ортаға салып, сайысты жандандыра түсті. Ойын барысында көрермендерге

де сұрақтар қойылды. Сұраққа бірінші болып дұрыс жауап берген көрермендерге

сыйлық табысталды. Жеңіске жеткен топ сыйлықтармен және мадақтамамен

марапатталды. Сайысты информатика пәнінің мұғалімі Нұғыманов

М.А. өткізді.

 5-сыныпта  математика пәнінің мұғалімі Бағдат Ж. «Аралас

сандарды бөлу» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. Мұғалім оқытудың жаңа

технологиясын пайдалана отыра, оқушыларды жаңа білімді оңай тәсілмен меңгеруге

жетеледі.

     Білімді жас

ұрпақты тәрбиелеу- мұғалім алдындағы үлкен міндет. Сондықтан біздің

мұғалімдеріміз үнемі ізденіс үстінде жүреді. 

Алдағы уақытта әріптестеріме шығармашылық табыстарға жете беруіне

тілектестік білдіремін.

 

                                                                                              

Кабенке Күлімхан

                                                                  

Бастауыш сынып мұғалімі

                                                             

КММ  «Малотюкты негізгі мектебі»

 

 

Просмотров: 344


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст