«Ақмола облысы білім бөлімінің Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің Кіші Түкті ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение " Основная средняя школа села Малые Тюкты отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Как изменится Instagram в 2018 году Картинки по запросу почта

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына

18.05.2020

Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына

 

Қазақстандағы Отбасы күніне орай өткізген «Отбасы – бақыт мекені» атты Республикалық апталық аясындағы «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» тақырыбындағы ашық шараның бағдарламасы

Мақсаты: Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық қатынастарын нығайту, ата – анасын сыйлай білетін азамат тәрбиелеу, отбасы құндылықтарын арттыру.
Көрнекілігі: фото стенділер, даналық сөздер, безендірулер, слайд, бейнероликтер.
І жүргізуші: Отбасы өнегесін алып өскен ұрпақ болашағына зор сеніммен қарайды.
ІІ жүргізуші: Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп, ықпалына көніп ер жетеді.
І жүргізуші: Міне, бүгінгі мерекелік шарамыздың «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» деп аталуы да үлкен мақтаныш.
ІІ жүргізуші: Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға – ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші ата – ана.
І жүргізуші: Әрине, ананың ыстық аялы алақаны, әкенің асқар таудай биік тұлғасын, зерделі ой – мақсатын кейінгі ұрпаққа жалғастыру қандай бақыт!
ІІ жүргізуші: Отбасы құндылығын арттыру, берген тәрбиесін бойымызға дарыту, жақсы қасиеттерін үлгі ету перзенттік парызымыз емес пе?
І жүргізуші: Қадірлі де құрметті ата – аналарымыз туралы жүректен шыққан маржан жырларын тарту етіп, ұланғайыр сезім иірімдерін арқау етіп, жырлаған ақын жазушыларымыз аз емес.
Баршаңызды отбасылар мерекесімен құттықтап, өз жүрегінен шыққан «Отбасым – менің бақытым» атты жыр туындысын ала келген 9 сынып оқушысы Халиланы сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға шақырамыз.
(Өз өлеңін оқиды)
ІІ жүргізуші: Ал енді оқушылар! Отбасы, ата – ана, бала, ата – әже туралы мақал – мәтелдерді еске түсіріп, әркез оларды қастерлеп жүру үшін тренингке кезек берейік. (Оқушылар шеңбер болып тұрып, музыка ырғағымен сиқырлы қорапты бір - біріне ұсынады. Музыка тоқтағанда қорапша кімнің қолында қалса сол оқушы отбасы туралы мақал айтады.)
І жүргізуші: Дүниеде не тең келер анаға,
Туған одан батыр, ғалым, дана да.
Бар өмірін арнайтұғын балаға,
Ата – ананы жырламаққа бола ма? – дей келе жалынды жыр шумақтарымен кішкентай бүлдіршіндерімізді ортаға шақырамыз.
(Бүлдіршіндер әке, ана, ата – әже туралы өлеңдер оқиды. )
ІІ жүргізуші: О, ата – анам,
Таянышым, тірегім!
Бар бақытты бір басыңа тіледім.
Бізді жақсы болса екен деп қашанда
Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.
Кезекті оқушыларға береміз.
(оқушылар өз отбасы туралы презентация жасайды)
І жүргізуші: Отбасы – шағын мемлекет, қоғамның негізі болып табылады. Өйткені мемлекетіміздің дамуына өркендеп өсіп – өнуіне үлес қосатын болашақ негізі әр отбасының жемісі.
Олай болса, отбасы туралы өз құндылықтарымызды, ой – пікірімізді «Шынын айтсам...» атты тренинг арқылы өрбітейік.
Мен шынын айтсам... Отбасым – маған өте қымбат, өйткені біз мейірімдіміз.
Мен шынын айтсам... Ата – анамды әркез мақтан тұтамын, өйткені мен олардың болашағымын.
Мен шынын айтсам...
Баршаңызды мерекемен құттықтап 2 сынып оқушылары би өнерлерін көрсетеді.
ІІ жүргізуші: - Балалар, енді әр отбасында күн өмір сүреді деп көз алдымызға елестетейік, осы күннің шуағы сөнбес үшін отбасында қандай жақсы қарым – қатынастар болуы қажет деп ойлайсыздар?
(Балалар күн шуақты достық мейірімділік, сыйластық, жылылық, қамқорлық т. б. деп құрастырады)
І жүргізуші: Құрметті мереке қонақтары, ұстаздар, оқушылар! Отбасы құндылықтарын әркез құрметтейік, әр отбасында сүйіспеншілік, татулық, бірлік болсын!

Просмотров: 252


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст