«Ақмола облысы білім бөлімінің Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің Кіші Түкті ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение " Основная средняя школа села Малые Тюкты отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Как изменится Instagram в 2018 году Картинки по запросу почта

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

8- наурыз

13.03.2018

Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.

жүргізуші:

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар, қасиетті аналар!

Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік «Асыл жанды аналар» атты кешімізді ашық деп жариялаймын! Қош келіпсіздер!

жүргізуші:

Ақ тілекті ағытып бір тастайық,

Аналардың мерекесін бастайық.

Көздеріңнен көрем шаттық арайын,

Өтсін солай әрбір күнің, әр айың, – дей келе құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директоры Нұғыманов М.А. беріледі.

Құтықтау ән

жүргізуші:

Десек те уақытпенен жарыспайды,

Қияға қиялменен қарыштайды.

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп

Өнерлерін аналарға бағыштайды, — дей келе ортаға бастауыш сынып оқушыларының сіздерге арналған тартуларын қабыл алыңыздар. Барлығы хормен «Мерекелеріңізбен» деп айтады.

жүргізуші:

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын,

Ән болып сағыныштан ақтарылмай, — деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне Бағдат Жайсанат арнайы құтықтап, ән тарту етеді, қабыл алыңыздар!

жүргізуші:

Әлемдегі ең ақылды, дана боп,

Нұрын шашар жақсыларға пана боп.

Кім-кім болсын сені алақанында,

Мейірлене ешкім сүймес ана боп.

Алақаны жылылықтан балқыған,

Бір күлкісі бар әлемді шарпыған.

Бұл сезімге ие болған барша жұрт,

Әрқашан да мол байлықта шалқыған, – дей отырып 2-сынып оқушыларының тамаша биін қабыл алыңыздар!

жүргізуші:

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай

қалықтаған теңіздегі,

Бишілер өнерлерін көрсетуде, — дей отырып келесі кезекті 3-сынып оқушыларының мың бұралған бишілеріне береміз.

жүргізуші:

Ана деген – бастауы ұлылықтың

Ана деген — рәмізі сұлулықтың

Ана деген — бір жыр бар шырқалатын

Асқақтатар биікке ұрпақ атын

Дауысына сүйсініп тамсанайық

Ерке ұлдың талантына тәнті болып,

Уа, халайық, жұмыла қол соғайық!

Дей келе

алдарыңызда тамаша әнімен Бағдат Нұрбекті қошеметтеп қарсы алайық!

жүргізуші:

Әркімнің де өмірден аласы бар,

Аласы бар адамның анасы бар.

Мерекесін құттықтап аналардың,

Өнерлерін жолдайтын баласы бар деп 4-сынып оқушыларын ортаға шақырамыз!

Менің сөзім! Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке

бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?! Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры арқылы аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған әсем әнді қабыл алыңыздар. «Асыл анам» әні.

жүргізуші:

Ару — Ана өмірдің асылдары,

Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.

Сіздер үшін ән мен жыр шырқалуда,

Сіздер үшін мереке шашулары, — дей отырып кезекті 5-9 сыныптар арасында өткелі отырған КВН-ге

береміз. КВН тақырыбы «Көктем еркесі» деп аталады. КВН-ді бастамас бұрын, әділқазы алқаларын сайлап алайық.

Құрметті қонақтар, КВН ережесімен таныс болыңыздар:

1.     Амандасу

2.    Үй тапсырмасы «Анаға құрмет» тақырыбының аясында өтіледі.

Құрметті әділқазы алқалары, әр топты бағалау барысында, сахналық мәдениетке, оқушылардың сөйлеу

мәнеріне, әзілдердің мағынасына және де тақырып аясында болуларын қатаң қадағалаңыздар. Амандасу бөлімінде ең жоғарғы ұпай саны «50», ал үй жұмысында ең жоғарғы ұпай саны «100» болып келеді.

Топтардың реттік номерлерін анықтау үшін, әр топтан бір оқушы шығып жеребе тартады.

 Ал енді барлығы мәлім болды... Көп созып кетпей,

Әдептен озып кетпей.

Көптен күткен КВН-імізді бастайық!

КВН-ді қорытындылап, марапаттау: Жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік!

КВН қорытындылау үшін сөз кезегін әділқазы алқаларына береміз.

Әділқазы алқалары соңғы шешім шығарғанша көрермендермен ойын: (мақалдың жалғасын тап)

1. Алып анадан туады,

Ат биеден туады.

2. Ананың алақаны – балаға айдынды қоныс.

3. Ана сүтін ақтамағанды ешкім жақтамайды.

4. Атыңа ауыр жүк артпа,

Анаңа ауыр сөз айтпа.

5. Анасын сыйламағанды адал деме,

Ұстазын сыйламағанды адам деме.

6.Тапқан ана емес, баққан ана.

7. Анаңа рақым етпесең,

Балаңнан рақым күтпе.

8. Анаға баланың алалығы жоқ.

9. Ердің анасы – елдің анасы.

10. Ананың ізін қыз басар,

Әкенің ізін ұл басар.

11. Анасын сүйгеннің баласын сүй.

12. Анасын көріп қызын ал,

Аяғын көріп асын іш.

Соңғы сөз: Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай

қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылуын тарататын ана. Ана баланың амандығын, бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші! Осымен бүгінгі «Асыл жанды аналар»  атты мерекелік кешіміз аяқталды. Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп — көп рахмет! Келесі кездескенше

аман-саболыңыздар! 8 наурыз құтты болсын! Тағы да мерекелеріңізбен!

Просмотров: 357


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст