«Ақмола облысы білім бөлімінің Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің Кіші Түкті ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение " Основная средняя школа села Малые Тюкты отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Как изменится Instagram в 2018 году Картинки по запросу почта

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Нұр-Сұлтан

Нұр-Сұлтан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
 
 
Jump to navigationJump to search
Қала
Астана
Astana, capital of Kazakhstan 01.jpg
Astana Architecture 02.jpg Astana, capital of Kazakhstan 02.jpg
Astana Architecture 01.jpg Astana, capital of Kazakhstan 04.jpg
Nazarbayev University.JPG L.N.Gumilyov Eurasian National University.JPG
Ту Елтаңбасы
Ту Елтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Статусы

Астана

Ішкі бөлінісі

4 аудан
(АлматыСарыарқаЕсілБайқоңыр[1]

Әкімі

Алтай Көлгінов[2]

Тарихы мен географиясы
Құрылған уақыты

1830

Алғашқы дерек

1832

Бұрынғы атаулары

Ақмола (1961 дейін),
Целиноград (1961—1992),
Ақмола (1992—1998),
Астана (1998 — 2019)

Қала статусы

1862

Координаттары

51°08′ с. е. 71°26′ ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар51°08′ с. е. 71°26′ ш. б. (G) (O) (Я)

Жер аумағы

797,33 км²

Климаты

қатаң континенталды

Тұрғындары
Тұрғыны

 1 054 469[3] адам (2019)

Тығыздығы

1299 адам/км²

Агломерация

1,2 миллион

Ұлттық құрамы

қазақтар — 78,18%
орыстар — 13,41%
украиндар — 1,38%
басқалары — 7,04% (2018 ж.)[4]

Конфессиялар

мұсылмандар, христиандар және басқалары

Этнохороним

астаналық, астаналықтар

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+7 7172

Пошта индексі

010000

Автомобиль коды

01

astana.gov.kz/kz/kz
 (қаз.) (орыс.) (ағыл.)

Астана картада
Астана
Астана
Commons-logo.svg Ортаққордағы санаты: Астана

Disambig gray.svg Басқа мағыналар үшін Астана (айрық) деген бетті қараңыз.


Нұр-Сұлтан (бұрынғы атаулары: Ақмолинск, Целиноград, Ақмола, Астана) — Қазақстан Республикасының елордасы. Қалада 1 032 475 адам тұрады (1 қаңтар 2018)[5]. Қазір қаланың аумағы 710 км2 алып жатыр. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысындаЕсіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.

Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясы Мемлекеттің бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі.

2019 жылы 20 наурызда Қазақстанның жаңа президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың атын экс-президент Н. Назарбаевтың құрметіне Нұр-Сұлтан деп өзгертуге бұйрық берді.

Азияның ең солтүстігінде орналасқан елорда. Қала төрт ауданнан — «Алматы», «Сарыарқа», «Есіл» және «Байқоңыр»[1] ауданынан тұрады.

Атауы[өңдеу]

Қаланың атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз нұрдың сұлтаны дегенді білдіреді. Нұр және Сұлтан сөздері қазақ тіліне араб тілінен ауысқан. Онда ол "нұр басшылығы" деген мағынаға ие.

Бас жоспары[өңдеу]

Қаланың Бас жоспары — Нұр-Сұлтан қаласының тіршілік-тынысының қолайлы ортасын құру және оны орнықты дамыту, экологиялық қауіпсіздікті, табиғат пен мәдени мұраларды сақтау мақсатында жасалған қала құрылысының жоспары. Бұл жоба Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен іске асып жатыр.

Табиғаты және табиғи қоры[өңдеу]

Жалпы мәлімет[өңдеу]

Бүгінгі заман қаласы-өзін қоршаған экономикалық кеңістікпен және табиғи ортамен алуан түрлі экономикалық — географиялық қарым-қатынастағы, демографиялық жолмен қалыптасатын, әлеуметтік — экономикалық күрделі жаратылыс. Антропоэкологиялық тұрғыдан алғанда — ол, ең алдымен, адам өз қолымен жасаған ортада оның тығыз қауымдастығы. Әлеуметтік-техникалық прогрестің көптеген белгілері осы "қала" ұғымымен астатыс жатыр , алайда қалаға шоғырланған өркениет адам баласына тек игілік сыйлай бермейді. Техногенді қалалық орта адамның әлеуметтік басты сапасы- оның денсаулығына зор әсерін тигізеді. Қарқынды қала құрылысы, соған орай тұрғындар санының артуы жылу мен су қорына, көлік пен коммуналдық инфрақұрылымға деген сұранысты үдете түседі, осыдан келіп ауаны ластанудан тазарту, өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды жиыстырып отырудың жүйелі жолын қарастыру мәселері туындайды. Табиғи ортаның басты көздері — су, ауа, жер атаулы, қалың көпірдің қолданысына түсіп, үлкен өзгеріске ұшырайды. Мұндағы басты мәселе , ауа мен су көзінің қашанда жаңарып, тазарып отыруы, табиғатты қоқысқа толтыратын қалдықтардың мөлшерін мүлде азайту ғана қала өмірін жақсартуға мүмкіндік әкеледі. Қаланың топырақ жамылғысы да ерекше күтімді қажет етеді.

ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 8 сәуіріндегі №381 қаулысымен Нұр-Сұлтан қаласының болашақтағы дамуы ескеріліп, қала маңы аумағын қарқынды игеру жағдайына орай аумаққа Целиноград, Шортанды және Ақмола облысының Аршалы ауданы жерінің бір бөлігі және Вячеслав бөген іаймағы енгізілді.

Нұр-Сұлтан қаласының аумағы ҚР Үкіметінің 2000 жылдың 8 тамызындағы №432 жарғысымен Промышленный, Железнодорожный, Көктал, Интернационал, Мичурин кенттері мен Күйгенжар, Пригородный, Тельман атындағы ауылдардың және Целиноград пен Шортанды аудандары жерінің бөлігін қосу есебінен ұлғайтылды.

Бүгінде Нұр-Сұлтан — 71014 га (1998 ж. — 25,8 мың га болған) аумақты алып жатқан ірі мегополис, соның ішінде Алматы ауданы — 46257 га; Сарыарқа ауданы 24757 га аумақты қамтиды. Тұрғынының саны 2007 ж. 574,4 мың адамнан асты.

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан — мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен айтқанда, ол жаңаны кейіптейтін, Қазақстанның динамикалық дамып келе жатқан жаңаруының, біздің тәуелсіз республикамыздың нышаны. Статистикалық деректер бойынша Астананың аймақтық жалп ыөнімі (АЖӨ) 2007 ж. 830,7 млрд теңгені құрады. Елдің жалпы ішкі өнімінің 10% Нұр-Сұлтан қаласының үлесіне тиесілі.

Жер бедері[өңдеу]

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл өзенінің жағалауындағы жазықта және ішінара өзен аңғарында орын тепкен. Аумақтық жер бедері еңісі мен биігі байқалмайтын жазық болып келуімен сипатталады. Мұндағы ойдым-ойдым көлтабандарда ғана қар суы мен көл немесе сор-сазда уытты көлшіліктер пайда болады. Қала қуаң дала белдеуінде, оның күңгірт қоңыр, қоңыр топырақты,бетегелі-селеулі іші қуаң белдеуінде орналасқан. Топырақ жамылғысы біртекті емес, алуан сипатты. Қала орналасқан өңірдің аумағын жадағай толқынды, суайрықты жазықтық алып жатыр. Қала аумағының жер бедерінен айтарлықтай еңіс немесе көзге шалынардай өр байқалмайды, мұндағы геморфологиялық бөлшектер бір-біріне ұласа жалғасып кете барады. Жазық Есіл өзеніне қарай аздап еңістеу болып келеді.

Климаты[өңдеу]

Климатының өзіндік ерекшелігі тым континентік болып келеді, жауын-шашынның орташа жылдық мөлшерінің аз және күн көзінің өткір болуы салдарынан көлдердің суы азайып, шағын өзен арналардың кеуіп қалуына әсерін тигізеді. Қысы суық, аязды. Ызғарлы аяз шамамен 245 күнге, ал қыстың ұзақтығы 5-5,5 айға созылады. Қарашаның ортасына қарай түскен қар 130-140 күнге дейін жатады. Қаңтар айының орташа температурасы -17°С (52°С-қа көтерілетін аяз өте сирек болады). Аязды күндердің орташа температурасы -25°С. Мұндай күндердің ұзақтығы жылына 10-14-тен 38-45 күнге дейін ауысып отырады. Қыс айларының шамамен 30 күні боранды, боран оңтүстік-батыстан соғады. Қар қалың түскен жылдары өзендер тасып, көлтабандар көлге, көлдер шалқыған айдынға айналады. Бұлтты күндер аз, жылына шамамен 2200 сағаттай күн бұлтсыз ашық болады. Жазы ыстық, қуаң. Шілде айының температурасы ең жоғарылаған кезде +42°С -ға жетеді. Ең жоғары температура шілденің 11-12 күнін қамтиды. Жылы мезгіл шамамен 213 күнді, аязды мезгіл 120 күнді құрайды. Жазғ ынайзағалы күн саны шамамен 19-25 күн аралығында, ұзақтығы 2,4 сағат. Жазда 1-2, кейде 4-9 күндей бұршақ жауатын мезгіл байқалады. Жерге түсетін ылғалдың жылдық мөлшері 300 мм, оның 30 % — көктемге, 34 % — жазға, 36% күз, қыс айларына келеді. Жел жиі соғады, орташа жылдамдығы-2м/сек. Желдің қаттырақ соғатын мезгілі наурызға (6 м/сек), баяу соғатын мезгілі тамызға (4 м/сек) келеді. Ал жылына 40 кейде 87 күн қатты жел соғатын (15 м/сек жуық) тұсы болады. Өте күшті дауыл (36 м/сек) 20 жыл мөлшерінде бір рет байқалған.

Су қоры[өңдеу]

Нұр-Сұлтан қаласы қуаң аймақта орналасқан, негізгі су қоры өзен және жерасты су көздерінен құралады. Бастауын Нияз таулары бұлақтарынан алып, қысқы қар, жазғы жауын суымен толысып отыратын Есіл өзені қаланың негізгі су артериясы болып табылады. Есілдің қаладан ағып өтетін тұсынан шағын екі өзен Сарыбұлақ пен Ақбұлақ келіп құяды. Қаланы 25-30 км төңіректе шағын өзен-көлдер қоршап жатыр. Олардың кейбіреуі тұщы, кейбіреуі кермек сулы болып келеді. Негізгілері: Сасықкөл, Жоламан, Тышқанкөл, Танакөл, Жылтыркөл, Тазкөл, Қайнарлы, Тағанкөл, Майбалық, Бұзықты, Жалаңаш, Шенет, Ағанас, т.б.

Есіл өзенінің арналы ағысының ұзақтығы 562 км, су жиналу алабы 48 100 шаршы км. Оның Қазақстанды көктеп өтетін ұзындығы- 1 100 км, ал жалпы ұзындығы — 2450 км. Есіл Ресейдің Тюмень және Омбы облыстары арқылы ағып өтетін Ертіс өзеніне барып құяды. Есіл көктемгі қар суымен толысқан шақта ағысын үдетеді. Негізінен баяу ағысты. Қаланы сумен қамтамасыз ететін негізгі өзен болғандықтан, Есілге "Ертіс-Қарағанды" каналынан арна тарту жүзеге асырылды. Есіл баяу ағысты болғандықтан, оның табаны тереңде жатыр. Оның қала аумағындағы су жиналу алқабы 7400 шаршы км, бұған Вячеслав бөгені ауқымындағы 5310 шаршы км су жиналу алқабы қосылады. Есілге Мойылды, Тентек, Қарасу, Сарыбұлақ, Ақбұлақ өзендері келіп құяды, сонымен бірге су таратқыш канал арқылы Майбалық өзенімен жалғасып жатыр. Өзенде ақбалық, нәлім, мөңке, аққайран, сазан, шортан, көксерке, алабұға мекендейді. Бұрыннан қоныс тепкен қала бөлігі Есіл өзенінің солтүстігінде, оң жағалауға, темір жол магистралінен оңтүстікке қаарй етек жая орналасқан. Қала аумағының негізгі бөлігі, Есілдің Ақбұлақ және Сарыбұлақ тармақтарына келіп тұйықталады.

Есіл өзенінің алабында үш ірі бөген бар. Олар: Вячеслав (пайдалану көлемі — 375,4 млн текше м), Сергеев (пайдалану көлемі — 635,0 млн текше м) және Петропавл (пайдалану көлемі — 16,1 млн текше м) бөгендері. Алғашқы екеуі судың жиналуын ұзақ мерзім бойына реттеуге арналған, сонымен қатар кешендік бағытта жұмыс атқарып, 3 топтық су құбырлары арқылы Нұр-Сұлтан қаласын және ауылдық елді мекендерді сумен қамтамасыз етеді. Петропавл бөгенінің аумағы шағын, маусымдық су жинауды жартылай ғана реттеуге арналған. Қаланы тұрмыстық ауызсумен қамтамасыз етудің негізгі көзі-Вячеслав бөгені, оның жылдық су шығымы 67,2 млн текше м (жобадағы сыйымдылығы 410,9 млн текше м).

Сарыбұлақ солтүстіктен оңтүстік бағытта қаланың батыс бөлігі арқылы ағып өтеді. Оның аңғарының 8,5 км-дейі (ені 20-50 м) қыщ комбинантынан ӨМК-ға дейінгі аралықты қамтиды. Бұлақтың 5,8 км бөлігі қаланың жеке меншік үйлер мен көп қабатты үйлер салынған өңірі арқылы өтеді. Өнеркәсіп құрылыстарын бойлай өтетін тұсы — 3,3 км (ЖЭО-1-дің күлтөкпесінен темір жол қиылысына дейін), одан әрі 2,5 км селитебті өңірмен өтіп, Тілендиев даңғылынан 1,8 аралықпен Есілге ұласады. Бұлақтың саға тұсын айтпағанда, қала арқылы өтетін арнасын шылау басып, қамыс өсіп кеткен, кей тұстары үзіліп қалады.

Ақбұлақ қаланың оңтүстік-шығыс бөлігімен өтеді, оның табанына маусым аралығында ғана су жиналады, су жиналатын тұсы ЖЭО-ның 2 — нің маңы. Ақбұлақтың Абылай хан даңғылынан Есіл өзеніне барып құятын аралықтағы жағалауы қайта қалпына келтіріліп, абаттандырылды.

Қаланы тұрмыстық ауызсумен қамтамасыз етудің тағы бір жолы — жерасты су көздерін пайдалану. Ол жерасты жаңа су көздерін іздестіру-барлау және бұрыннан белгілі су көздері мүмкіндіктерін жаңа талап тұрғысынан бағалау арқылы жүзеге асып отыр. Мұндай жерасты су көздеріне: Ақмола су көзі кені (ол солтүстік-батыс жүлге (қаланың солтүстігіне қарай 5-15 км) және шығыс жүлгеден (қала іргесіне, ішінара Есіл өзені аңғарына таяу) тұрады), Есіл су көзі кені (қаланың оңтүстігіне қарай 0,5-10,0 км); Рожденственский су көзі кені (Нұра өзені аллювийлік шөгінді қыртысындағы жер асты суының жалпы пайдаға асу қоры 36,2 мың текше м/ тәуліті құрайды) жатады.

Әкімшілік бөлінуі[өңдеу]

Нұр-Сұлтанда СарыарқаАлматыБайқоңыр және Есіл аудандары бар.

Халқы[өңдеу]

1989 1997 1998 1999 2000 2001 2002 2003 2004 2005 2006
281252[6] 275100[6] 275300[6] 326900[6] 381000[6] 446200[6] 493100[6] 501998[7] 510533[7] 529335[7] 550438[7]
2007 2008 2009 2010 2011 2012 2013 2014 2015 2016
574448[7] 602684[7] 605254[7] 649139[7] 697129[7] 742918[7] 778083[8] 814401[9] 852985[10] 872655[11]

Нұр-Сұлтан қаласы халқының саны 2000 жылмен салыстырғанда 169,2 мың адамға көбейіп, 2006 жылдың басында 550,2 мың адам болды. 2013 жылдың 1 наурызындағы ақпарат бойынша халық саны — 783 471 адамды құрады. Халық саны бойынша Қазақстандағы Алматы қаласынын кейінгі 2-орында.

Нұр-Сұлтан қаласы халқының табиғи қозғалысының оң факторы бала туу мен неке қию деңгейінің артуы болып табылады. 2005 жылы қалада 8,8 мың бала өмірге келді, ол 2000 жылы туылғандармен салыстырғанда 4,3 мыңға көп. 2005 жылы бала туудың коэффициенті 1 мың тұрғынға шаққанда 6,3, өлім — 6,7 құрады.

Қала халқының өсуі негізінен көші-қон ағыны есебінен қамтамасыз етілуде. Көші-қон сальдосының елеулі түрде өсуі (50 мыңнан асатын шекте) 2000—2001 жылдары байқалды.

Келгендердің санының кеткендерден асып түсуі негізінен азаматтардың республиканың ішіндегі көші-қон есебінен қамтамасыз етілді. Алайда соңғы жылдары оның салыстырмалы түрде тұрақтануы байқалады (2002 ж. — 6,8 мың, 2003 ж. — 5,4 мың, 2004 ж. — 14,2 мың, 2005 ж. — 15,7 мың адам). Халықтың табиғи өсімі осы кезеңде 2000 жылғы 1513 адамнан 2005 жылы 5,2 адамға дейін көбейді.

Халық санының өсуі[өңдеу]

Осы тенденция сақталса қала халқының саны бірнеше жылда миллионға жетеді.

Қазақстанның Алматы қаласынан кейінгі тағы бір миллионер қаласы тіркеледі. 2009-жылдың көрсеткіштерінде Нұр-Сұлтан қаласының миграциялық сальдосы 31 908 адамды құрады — бұл республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш. [13]

Нұр-Сұлтан тұрғындар санының динамикасы төменде келтiрiлген.[14]

Тарихы[өңдеу]

Нұр-Сұлтан 1830 ж. Есіл өзенінің жағасында орыс әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады.

1862 ж. Ақмолинск қала мәртебесін алды.

1962 ж. қалаға Целиноград атауы берілді.

1997 ж. егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады.

1998 ж. 6 мамыр жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді.

1998 ж. 10 шілде Қазақстанның жаңа елордасы — Астананың халықаралық тұсауы кесілді.

1998 ж. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды.

2019 жылы 20 наурызда Қазақстанның жаңа президенті Қасымжомарт Тоқаев қаланың атын экс-президент Н. Назарбаевтың құрметіне Нұр-Сұлтан деп өзгертуге бұйрық берді.

Өзін-өзі басқаруы[өңдеу]

Мәслихат жалпыға бірдей тең және тікелей сайлау құқығының негізінде құпия сайлау арқылы қала халқымен 4 жылдық мерзімге сайланады. Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының құрамына бір мандаттық аймақ бойынша сайланған 25 депутат кіреді. Депутаттар арасынан сайланып, өз қызметтерін босатылған негізде атқаратын қалалық мәслихат хатшысы мен тексеру комиссиясының төрағасынан басқа қалалық мәслихат депутаттары өз қызметтерін босатылмаған негізде атқарады.

Сессияда қарастыруға енгізілетін мәселелерді алдын ала қарастыру, мәслихат шешімдерін жүзеге асыруға әрекет жасасу және бақылау қызметтерін іске асыру үшін мәслихатта 4 тұрақты комиссия құрылған:

  • әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет және қаржы мәселелері жөнінде;
  • заңдылық, құқық тәртібі, депутаттың өкілдігі және этика мәселелері жөнінде;
  • шаруашылық құрылысы, экология, халыққа көлік, сауда және тұрмыстық-тұрғын үй қызметтерін көрсету мәселелері жөнінде;
  • әлеуметтік және ұлттық-мәдени даму мәселелері жөнінде.

Экономикасы[өңдеу]

 
Нұр-Сұлтан

Нұр-Сұлтан өте серпінді дамуда. Елорда көшірілген кезден бастап қала экономикасына салынған инвестиция көлемі 3,5 миллиард доллардан асты. 2007 жылға дейін Нұр-Сұлтанның құрылысына 238,6 миллиард теңге көлемінде қаражат жұмсау жоспарлануда.

Нұр-Сұлтанның ойдағыдай дамып келе жатқанының белгілерін оның халқының жедел өсуінен байқауға болады. Елорданы көшіру жарияланған жылы мұнда небәрі 225 мың адам тұратын. 2004 жылы елорда тұрғындарының саны екі есе өсіп, жарты миллионнан асып кетті.

1998 жылы Нұр-Сұлтан еркін экономикалық аймақтың WEPSA халықаралық қауымдастығына кірді. Әлемнің 15 қаласы Қазақстан елордасының бауырлас қалалары болып табылады, олардың арасында Мәскеу, Берлин, Варшава, Минск, Киев, Анкара, Бангкок және басқалары бар.

Елорданың жаңа әкімшілік орталығында Бейбітшілік пен келісім сарайы мен «Пекин-Палас» бизнес-орталығының құрылысына дайындық жұмыстары басталды.

Тағы 10 нысан — жанар-жағармай құю стансасы, «Capital Forum» Ынтымақтастық және даму халықаралық орталығы, 6 қабатты медиа-орталық, сауда-демалыс кешені, халықаралық сауда орталығы,т.б. нысандар құрылысқа рұқсат алу және жобалау кезеңінде тұр.

2005 жылдың басынан бері барлығы 15 нысан тіркелді, оның ішінде 3 әкімшілік ғимарат, әлеуметтік мақсаттағы 4 нысан, 4 тұрғын үй, 4 инженерлік, көлік инфрақұрылымдары бар.

Ал, соңғы 6 айда Жоғарғы сот, муниципалдық 4 тұрғын үй кешені, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 2 жатақханасы, т.б. нысандар пайдалануға берілді. ҚР Парламент Мәжілісі мен Сыртқы істер министрлігі ғимараттарының, «Ғашықтар» саябағының, «Президент-отель» қонақүй кешені мен Ислам орталығының ашылу рәсімі өтті.

Сенат мен Үкіметтің әкімшілік ғимараттары, «Тұлпар» тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталып келеді. Дипломатиялық қалашық, цирк ғимараты, «Сол жағалау — Абылай хан даңғылы тас жолы мен Есіл арқылы көпірдің» құрылысы жалғасуда.

Есілдің сол жағалауын әкімшілік орталыққа айналдыру мақсатында құрылған «Астана — жаңа қала» экономикалық аймағында 141 нысан салынып жатыр. 2010 жылға дейін мұнда тағы 150 ғимарат бой көтеруі тиіс. Бұл құрылыс жұмыстары үшін 240 миллиард теңге қаржы жұмсалмақ. Арнайы экномикалық аймақ Елбасы жарлығымен жаңа Нұр-Сұлтан құрылысын қарқынды дамытуға қолайлы жағдай жасау үшін құрылған-ды. Ол үшін Есілдің сол жағалауынан мың жарым гектар жер бөлінді. 2002-2007 жылдарға арналған арнайы бағдарлама жасалып, оған 240 миллиард теңге инвестиция тарту көзделді. Қазір құрылыс жұмыстарына 162 миллиард теңге құйылып, жаңа ғимараттар бой көтерді. Аймақ құрылған осы 3-4 жылдың өзінде 141 нысан тіркелсе, оның 49-ы толықтай салынып бітіп, пайдалануға берілді. Сондай-ақ 2005 жылдың соңына дейін тағы 30 нысан іске қосылмақ.

Қаланың дәл жүрегінде орналасқан Бәйтерек мұнарасы жағаласындағы паркқа ұқсас ашық аланында ұдайы арнайы мерекелер өткізіліп отырады. 2010 жылы осы жерде Әкімшіліктің шақырумен Берлин қаласынан келген Аюлар достастығы көрмесінің таныстыру мерекесі өткізіле алынды. Осы көрмеде дүниенің 125 елінен 125 өнерпаздар жасап шығарған 125 көркемөнер уникаттары, бірбірімен татулықпен тыныш тұрып тұрған түрінде, көрсетілді.

Мәдениет және қоғам[өңдеу]

 
Конгресс-холл

Соңғы жылдары қалада мәдени-ағарту мекемелері желісі едәуір көбейді. 3 театр, 23 кітапхана, 5 мұражай, 1 клуб мекемесі, 2 кинотеатр, Мемлекеттік филармония, 2 сарай, 3 балалар музыка мектебі, өнер мектебі, көркемөнер мектебі жұмыс істейді.

Халықты спортпен және дене шынықтырумен тұрақты айналысуға тарту мақсатында өткен кезеңде жаңа спорт кешендері ашылды және балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне (БЖСМ) күрделі жөндеу жүргізілді. Халыққа қызмет көрсетуге 25 спорт-сауықтыру кешендері іске қосылды.

Қалада ақпараттық инфрақұрылым қалыптасқан және оның дамуы жалғасуда. 2001—2005 жылдар кезеңінде бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) саны 78-ден 169-ға дейін (77 газет, 82 журнал, 7 телерадиокомпания, 3 ақпараттық агенттік) өсті. Олардың ішінде 25 БАҚ ағылшын, неміс, украин, татар тілдерінде шығады. Сонымен бірге мемлекеттік емес БАҚ-тар үлесін арттыру үрдісі байқалып отыр, бұл қазіргі уақытта 66 %-ды құрайды. Ақпараттық саясатты іске асырудың маңызды құралы мемлекеттік тапсырысты мемлекеттік, сондай-ақ жеке меншік БАҚ-қа да орналастыру болып табылады. Ақпараттық саясат медиажоспарларға сәйкес іске асырылады.

Әлеуметтік саласы[өңдеу]

 
Биліктің үш тармағы: Үкімет, Сенат, Парламент.

Әлеуметтік қорғау саласында жүргізілген жұмыс кедейлік шегінен төмен өмір сүріп жатқан халықтың, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал жіктерінің өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталды. Нұр-Сұлтанда 2005 жылғы желтоқсанда орта есеппен жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс шамасы 6,2 мың теңгені құрады. Кірісі кедейлік шегімен бірдей немесе одан төмен тұрмысы төмен азаматтардың саны 2006 жылдың 1 қаңтарына 2,9 мың адамды құрады, бұл 2000 жылмен салыстырғанда 4,2 есе кем.

Қалада зейнеткерлердің саны 2000 жылғы 32,3 мың адамнан 2005 жылы 34,7 мың адамға өсті. Мүгедектердің саны 7,7 мың адам болды.

Жергілікті бюджеттен төленетін есебінен әлеуметтік төлемдердің жалпы сомасы 2005 жылы 678,7 млн. теңгені құрады, оның ішінде тұрғын үй көмегі — 23,5 млн. теңге, атаулы әлеуметтік көмек — 35,4 млн. теңге. 2005 жылы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша кедейлік шегінің орташа мөлшері 2,4 мың теңгені құрады. Атаулы әлеуметтік көмек алатындардың саны 2,3 мың адам болды. 14 мыңға жуық тұрмысы төмен азамат жергілікті бюджеттен атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй жәрдемақысы, заңды және жеке тұлғалардың қайырымдылық және демеушілік көмегі түрінде түрлі материалдық көмек алды.

Қалада 11 жоғары оқу орны (оның 8-і жеке меншік), 22 колледж жұмыс істейді. Оқудың барлық түрлері бойынша жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің жалпы саны 58,3 мың адам. Оқушылар саны 1,9 мың адам болатын небәрі 5 мемлекеттік кәсіптік мектеп бастауыш және орта кәсіптік даярлықты жүзеге асырады. Нұр-Сұлтанда 54 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп, 2 дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты, арнаулы түзету мектеп-интернаты, ұйымдардың деректері бойынша жалпы саны 60,1 мың оқушысы бар кешкі мектеп жұмыс істейді. Мектеп жасына дейінгі білім беру жүйесінде 11,2 мың баланы қамтыған 36 мектеп жасына дейінгі ұйым жұмыс істейді. Бес-алты жастағы балалардың мектеп алды дайындығын ұйымдастыру үшін жағдайлар жасалған.

Қалада білім беру кеңістігі құрылды. Білімге ынталы дарынды балалар үшін мектептер ашылды. 26 мектепте жекелеген пәндерді тереңдете оқытатын сыныптар ашылды. Қалада ғылым салыстырмалы түрде төмен деңгейде, ғылыми қызметкерлер санының күрт төмендегені байқалады.

2005 жылы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына барлық мамандықтағы 3,6 мың дәрігер және 4,2 мың орта медицина қызметкерлері еңбек ететін, жергілікті басқару органдарының қарамағындағы 32 мемлекеттік медицина ұйымы және 100-ден астам мемлекеттік емес медицина ұйымдары қызмет көрсетті.

Нұр-Сұлтан қаласында 5 жыл ішінде кепілді медициналық көмектің көлемі 1 821,2 млн-нан 4 176,6 млн-ға дейін өсті. Халықтың жеке санаттарын ауру түрлері бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 2005 жылы 102,4 млн. теңге пайдаланылды, бұл емдеу процесін жүргізу сапасына оң ықпалын тигізді.

Спорт[өңдеу]

Қаланың назар аударарлық орындары[өңдеу]

[15]

 

Нұр-Сұлтан қаласының панорамасы

Қаланың назар аударарлық орындары
Астана-Бәйтерек.jpg Тәуелсіздік-сарайы 2010.jpeg Нұр Астана Мешіті - panoramio.jpg KazakhstanGazKalvisVitolins.JPG Astana Architecture 02.jpg
Бәйтерек Тәуелсіздік Сарайы Нұр-Астана мешіті Қазмұнайгаз бас ғимараты Хан Шатыр

Бауырлас қалалар[өңдеу]

Астананың 20 бауырлас қаласы бар.

Бауырлас қала Жылы Мемлекет
Анкара - Түркия Түркия
Ыстамбұл - Түркия Түркия
Измир - Түркия Түркия
Мәскеу - Ресей Ресей
Санкт-Петербург - Ресей Ресей
Қазан - Ресей Ресей
Бішкек - Қырғызстан Қырғызстан
Киев - Украина Украина
Амман - Иордания Иордан
Рига - Латвия Латвия
Гданьск 1996 Польша Польша
Варшава - Польша Польша
Тбилиси 2005 Грузия Грузия
Сеул - Оңтүстік Корея Оңтүстік Корея
Ташкент - Өзбекстан Өзбекстан
Дубай - Біріккен Араб Әмірліктері БАӘ
Бейжің - Қытай Қытай
Манила - Филиппиндер Филиппиндер
Сараево - Босния және Герцеговина Босния және Герцеговина

Қызықты деректер[өңдеу]

  • Нұр-Сұлтан — Азия астаналарының ішінде солтүстік полюске ең жақын орналасқан.
  • Нұр-Сұлтан — ғаламшардағы ең суық астаналардың бірі, Моңғолия астанасы Ұлан-Батырдан жылы, Канада астанасы Оттавадан суық.

Түсініктемелер[өңдеу]

Тағы қараңыз[өңдеу]

Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Astana

Дереккөздер[өңдеу]

  1. ↑ a b Астананың жаңа "Байқоңыр" ауданының шекарасы белгілі болды
  2.  Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан әкімі болып тағайындалды
  3.  2019 жылғы 1 қаңтардағы Астана қаласы халқы санының өзгеруі туралы. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті. Тексерілді, 19 ақпан 2019.
  4.  2018 жылғы Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны
  5.  2018 жылдың 1 қаңтарға Қазақстан Республикасы халқының облыстар, қалалар және аудандар бойынша саны
  6. ↑ a b c d e f g Население Астаны
  7. ↑ a b c d e f g h i j Қазақстан Республикасының облыстары, қалалары және аудандары бойынша халық саны, 2003-2012
  8.  Астана бойынша халық саны (2013-24-02). Тексерілді, 13 маусым 2014.
  9.  Астана бойынша халық саны 1 января 2014 (2014-21-02). Тексерілді, 13 маусым 2014.
  10.  Астана бойынша халық саны 1 января 2015 (25 ақпан 2015). Тексерілді, 25 ақпан 2015.
  11.  О демографической ситуации в городе Астана
  12.  Забирова А.Т. Нұр-Сұлтан халық саны динамикасы ( (орыс.)). Демоскоп Weekly Электронная версия бюллетеня Население и общество. Тексерілді, 13 шілде 2012.
  13.  Астана - Қазақстанның астанасы ( (қаз.) (орыс.) (ағыл.)). ҚР премьер минстрінің ресми сайты. Тексерілді, 5 тамыз 2012.
  14.  Тұрғылықты халық саны — 2009-жылғы санақ  (орыс.). demoscope.ru. Тексерілді, 27 қыркүйек 2008.
  15.  Қазақ энциклопедиясы I том

Сыртқы сілтемелер[өңдеу]

 

Жаңартылған күні: 24.01.2020 00:49
Құрылған күні: 24.01.2020 00:58

Текст