Текст
06.05.2026
7 мамыр – еліміздің қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғап жүрген азаматтарға құрмет көрсететін ерекше мереке. Бұл күн – батырлықтың, ерліктің және Отанға деген адалдықтың белгісі.
Отан қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы. Еліміздің бейбіт өмірі мен жарқын болашағы жолында қызмет етіп жүрген барлық әскери қызметкерлерге алғысымызды білдіреміз.
Баршаңызды Отан Қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілейміз! Еліміз тыныш, көк туымыз әрдайым биікте желбірей берсін!