«Ақмола облысы білім бөлімінің Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің Кіші Түкті ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение " Основная средняя школа села Малые Тюкты отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Как изменится Instagram в 2018 году Картинки по запросу почта

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Соңғы қоңырау – 2026» мерекелік іс-шарасы өтті

27.05.2026

2026 жылғы мамыр айының 25-і күні мектебімізде түлектерге арналған дәстүрлі «Соңғы қоңырау» салтанатты іс-шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл күн – мектеп бітіруші түлектер үшін ерекше әрі есте қаларлық сәттердің бірі.

Мерекелік жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталып, мектеп директорының құттықтау сөзімен жалғасты. Іс-шара барысында ұстаздар мен ата-аналар түлектерге ақ тілектерін арнап, олардың алдағы өмір жолына сәттілік тіледі.

Биылғы оқу жылында мектеп қабырғасынан түлеп ұшқалы отырған түлектер оқу мен қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытып, түрлі жетістіктерге жетті. Сонымен қатар үздік оқушылар мен пәндік олимпиада, спорттық жарыстар жеңімпаздары марапатталды.

Салтанатты кеште оқушылар ән айтып, би билеп, мерекелік концерттік бағдарлама ұсынды. Түлектердің мектеппен қоштасу сәттері көпшілікке ерекше әсер сыйлады.

Мектеп ұжымы барлық түлектерге ҰБТ-дан жоғары нәтиже, жарқын болашақ және үлкен жетістіктер тілейді!

Просмотров: 88


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст