«Ақмола облысы білім бөлімінің Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің Кіші Түкті ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение " Основная средняя школа села Малые Тюкты отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Как изменится Instagram в 2018 году Картинки по запросу почта

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Елімізде онлайн білім берудің үздіктері анықталды

18.01.2021

Көкшетау қаласының гуманитарлық-техникалық лицейі «Үздік Online Mektep-2020» республикалық байқауында топ жарды, деп хабарлайды «Хабар 24». Білім ошағы қашықтан оқытуда озық деп танылған 15 мектептің қатарынан табылды. Ал, ол оқушылар үшін онлайн білім алуға жақсы жағдай жасаған аймақтағы жалғыз мектеп болып отыр. Конкурсты ұйымдастырушылар іріктеу барысында білім саласындағы онлайн платформалардың мұнда қаншалықты кеңінен пайдаланылатынын ескерген. Айта кетейік, аталған мектепте 35 мұғалім жұмыс істейді. 300-ден астам бала білім алады. Ал, олардың барлығы дерлік жеке компьютермен қамтамасыз етілген. Марал Шәменова, гуманитарлық-техникалық лицей-мектебі директорының орынбасары: - Бұл жерде ең басты критерий – осы біздің лицейде қаншалықты қашықтан оқуға жағдай жасалып жатыр, балалардың білім сапасын арттыруда қандай жұмыстар атқарылып жатыр, соның бәрін әлеуметтік желіде жариялап отыру. Бір ай бойы бақылауға алындық. Статистика жүргізілді. Біздің тағы да бір жеңісіміз – республикалық байқауда «Ең үздік лицей» атандық. Бұл жерде лицейде балалармен қаншалықты жұмыс жасалып жатыр, мұғалімдердің қаншалықты осы форумдағы конференцияға қатысып, деңгейінің қаншалықты жоғары екендігі сарапталды.

 

Просмотров: 228


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст