04.06.2026
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. Бұл күн еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің басты белгілері болып саналатын мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге арналған маңызды мереке.
1992 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұранының алғашқы нұсқалары ресми түрде бекітілді. Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың тарихын, мәдениетін, ұлттық құндылықтарын және тәуелсіздікке деген ұмтылысын бейнелейді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ашық көгілдір түсті, оның ортасында алтын күн мен қыран бейнеленген. Тудың сол жағында ұлттық өрнек орналасқан. Тудың авторы – Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – шаңырақ, уықтар, қанатты пырақтар және бес бұрышты жұлдыз бейнеленген бірегей нышан. Елтаңбаның авторлары – Жандарбек Мәлібеков және Шот-Аман Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны – елдің бірлігі мен патриоттық рухын дәріптейтін басты музыкалық рәміз. Қазіргі Әнұран 2006 жылы қабылданды.
Мемлекеттік рәміздер – әрбір азаматтың мақтанышы. Оларды құрметтеу – Отанға деген сүйіспеншіліктің, елге деген адалдықтың көрінісі.
Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!