«Ақмола облысы білім бөлімінің Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің Кіші Түкті ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение " Основная средняя школа села Малые Тюкты отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Как изменится Instagram в 2018 году Картинки по запросу почта

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жамбыл облысының Жамбыл ауылында Жамбыл атындағы мектеп ашылды

25.03.2021

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысындағы Жамбыл ауданының Жамбыл ауылында Жамбыл атындағы мектеп ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Таразда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту кешені ашылды Таразда мереке қарсаңында 90 пәтердің кілті табысталды Жамбыл облысында «Әжелер алқасы» құрылды Салтанатты шараға аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев арнайы қатысты. Шағын ауылда 68 үй бар десек, ондағы тұрғындар саны – 546. Осыған орай жаңа мектеп те кішігірім, екі қабатты, жинақы болып бой көтерген. 100 оқушылық орынға арналған оқу ордасында 18 кабинет бар және асхана, кітапхана, спортзал, екі шеберхана, жылы әжетханамен қамтылған. Онда 14 бейнекамера орнатылған. Мектеп «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында салынды десек, оның құрылысына 479 миллион теңге бөлінген. Мердігер – «ТаразҚұрылысИнвест» ЖШС. «Білім беру жүйесін жетілдіру, жас ұрпақты ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеу – қашанда мемлекеттің назарында. Білімді және мәдениетті жас ұрпақ, сапалы адам капиталы – елдің тұрақты дамуының кепілі. Сондықтан бірінші кезекте мектептер салу мен білім сапасын арттыруға барынша көңіл бөлінеді. Өткен жылы өңірімізде 21 білім беру нысанының құрылысы басталып, оның 13-і пайдалануға берілді. Биыл 175 жылдығы атап өтілетін Жыр алыбы – Жамбыл Жабаевтың есімін жаңа мектеп қана емес, ауыл да, аудан да, облыс та иеленген. Оның шығармалары – бізге ғасырлар бойы рухани азық болатын өшпес мұрамыз екендігі сөзсіз. Барлық ауыл тұрғындарын айтулы оқиғамен құттықтаймын!» - деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев. Жергілікті ақсақал Естай Әлиев ауылдықтардың тату екенін, барлық мәселелерді бірлесіп шешуге тырысатынын атап өтті. Ауыл негізгі инфрақұрылымдар – ауыз су және газ, жақсы жолдармен қамтылған. «Әкімдік біздің өтініштерімізді ескерусіз қалдырмайды, сол үшін халық атынан үлкен рахмет айтқым келеді», - дейді ақсақал. Бұдан соң салтанатты түрде «ТаразҚұрылысИнвест» ЖШС басшысының орынбасары Олжас Қасымжан мектеп директоры Самат Мыңжасаровқа символикалық кілтті табыстады. Ал фойеде бастауыш сынып оқушылары «Ерке сылқым» күйін орындап, бауырсақ түрлері туралы әңгімелеп, қонақтарға мерекелік тағамдар ұсынды.


 

Просмотров: 137


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст