«Ақмола облысы білім бөлімінің Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің Кіші Түкті ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение " Основная средняя школа села Малые Тюкты отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Как изменится Instagram в 2018 году Картинки по запросу почта

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Елімізде әрбір екінші адам мүлде кітап оқымайды – Зерттеу

26.04.2021

Елімізде екі тұрғынның бірі мүлдем кітап оқымайды. Президент жанындағы Стратегиялық зерттеулер институты осындай ақпарат таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институты жүргізген сауалнаманың қорытындысы жарияланды. «Елімізде кітаптың баршаға қолжетімді болуы үшін барлық мүмкіндіктер ұсынылған. Өкінішке орай, сауалнамаға қатысқан әрбір екінші респондент кітап оқымайды. Қазақстанның әр жиырмасыншы азаматы ғана күн сайын қағаз кітаппен уақыт өткізеді. Ал әр оныншы респондент аптасына бірнеше кітап оқиды», - деп жазады институт мамандары. Сауалнамаға қатысқандардың 5,3 проценті күн сайын қағаз кітап оқитынын айтса, 6,4 проценті электронды кітап оқитынын айтып жауап берген. 11,1 проценті аптасына бірнеше рет қағаз кітап оқыса, 8,4 проценті электронды кітапқа жүгінетінін көрсеткен. Жауап берушілердің 9,3 проценті аптасына бір-ақ рет қағаз кітап оқитынын айтса, 9,8 проценті электронды кітапқа сонша уақыт жұмсайтынын айтқан. Респонденттердің 21,7 проценті айына бір рет қағаз кітапқа бас қойса, 10,2 проценті электронды кітапты айын бір рет оқитынын атап көрсеткен. Ең өкініштісі, сауалнамаға қатысқандардың 52,6 проценті ешқашан қағаз кітап оқымағанын, 65,2 проценті электронды кітап оқып көрмегенін айтқан. 1996 жылдан бері 23 сәуір Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні ретінде аталып өтіледі. ҚСЗИ жүргізген сауалнама осы айтулы күнге орай жүргізіліп отыр.

 

Просмотров: 139


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст