«Ақмола облысы білім бөлімінің Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің Кіші Түкті ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение " Основная средняя школа села Малые Тюкты отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Как изменится Instagram в 2018 году Картинки по запросу почта

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстанда алғашқы фермерлік дала мектептері ашылды

25.06.2025

Елімізде алғашқы фермерлік дала мектептері ашылды.  Мұнда ғалымдар малшыларды ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалануға және жер ресурстарын сақтауға үйретеді. Бір ерекшелігі сабақ дала жағдайында өтеді. Мұндай мектепті ашуға әлемдегі климаттық өзгерістер себеп болды, дейді ғалымдар. "Қазақ мал шаруашылығы және мал азығы өндірісі" ғылыми-зерттеу институтының мәліметінше, елде шамамен 90 миллион гектар жайылымдық жер тозып кеткен. Мал азығының өнімділігі төмендеп, қуаңшылық күшейе бастады. Әсіресе ауыл маңындағы жайылымдар ескірген. Осыған байланысты институт Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Пилоттық жоба Алматы және Ақтөбе облыстарында іске қосылды. Алдағы уақытта бұл бастаманы еліміздің барлық өңірлерінде жүзеге асыру жоспарланып отыр. Айбын Төреханов, "Қазақ мал шаруашылығы және мал азығы өндірісі" ҒЗИ Басқарма төрағасы: - Үлкен далалық эксперименттік алқапта осы мектепке лайық жер бөліп, жер телімдерін бөліп, сол жерде құрғақшылыққа төзімді мал азықтық өсімдіктерін өсіріп, жайылымды қалай пайдалану, жайылымды ротация арқылы ауыстырмалы, ауыспалы түрде қалай пайдалану, оның ішінде қандай өсімдік малдың тұяғына төзімді — осылардың барлығын зерттеп отырып, шаруалар сол жерге келген кезде өз көздерімен соның бәрін көріп қайтады.

 

Просмотров: 72


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст