05.10.2026
Құрметті ұстаздар, ардақты әріптестер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ұстаз – білім мен тәрбиенің шамшырағы, жас ұрпақтың болашағына бағыт-бағдар беретін қадірлі тұлға. Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз, шәкіртке деген қамқорлықтарыңыз бен білімге деген адалдықтарыңыз – қоғамның дамуына қосылған өлшеусіз үлес.
Әрбір шәкірттің жетістігінде ұстаздың білімі, төзімі мен маңдай тері бар. Сіздер балалардың бойына білім нәрін сеуіп қана қоймай, адамгершілік, жауапкершілік, отансүйгіштік сияқты асыл қасиеттерді қалыптастырып келесіздер.
Осынау мерекелі күні барша ұстаздарға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен береке, еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз! Шәкірттеріңіздің биік жетістіктері мен ыстық ықыласы сіздерге әрдайым қуаныш сыйласын.
Ұстаздар күні құтты болсын! Еңбектеріңіз еленіп, абыройларыңыз асқақтай берсін!