«Ақмола облысы білім бөлімінің Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің Кіші Түкті ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение " Основная средняя школа села Малые Тюкты отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Как изменится Instagram в 2018 году Картинки по запросу почта

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ауыл мектептеріне 2 млн теңге сыйақы табысталды

06.10.2021

Еліміздегі екі мектеп 2 млн теңгеден сыйақы жеңіп алды, деп хабарлайды «Хабар 24». Алғашқы сертификат Қызылорда облысының Қазалы ауданында орналасқан Ержігіт Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейіне табысталды. Білім ордасы ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасында жоғары нәтиже көрсетіп, 4 мыңнан астам мектеп арасында үздіктер қатарында болған. Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының №1 Смирнов орта мектебі де ақшалай сыйақыны иемденді. Білім ошағына «Елбасы медалі» жобасында ең көп медаль бұйырған. Айта кетерлігі, екі жыл ішінде «Елбасы медалі» жобасына ел бойынша 20 мыңнан астам адам қатысты. Олар: спорт, таланттар мен дағдылар, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек тәжірибесі сынды жеті бағытта ізденеді. Айгүл Қуатова, «Елбасы академиясы» КҚ көшбасшылықты дамыту орталығының басшысы: – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша барлығы 292 қатысушы қола медаль жеңіп алды. Қазіргі уақытта өңір бойынша «Елбасы медалі» жобасының бағдарламасына 404 жас қатысты. Бұл үлкен жетістік.

 

Просмотров: 123


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст