«Ақмола облысы білім бөлімінің Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің Кіші Түкті ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение " Основная средняя школа села Малые Тюкты отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Как изменится Instagram в 2018 году Картинки по запросу почта

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Елордада «Көшбасшы-2021» құрылтайы басталды

08.11.2021

Білім қуған жігерлі жастар елордаға жиналды. Бүгін бас қалада «Көшбасшы-2021» құрылтайы басталды. Жиын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған. Құрылтай жас буынды отансүйгіштікке баулып, елге қызмет ету үшін қажетті тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруға үлес қосатынына сенімдіміз, – дейді ұйымдастырушылар. Екі күнге жалғасатын шарада «Білім-инновация» лицейлерінің мектеп президенттері өзекті тақырыптар төңірегінде пікір алмасып, тың зерттеулерімен бөліседі. Еліміздің әр аймағындағы 40-қа жуық мектептен келген оқушының әрқайсысы өз жобаларын ала келген. Бұдан бөлек, жас көшбасшылар қоғам қайраткерлерінің ақыл-кеңесін тыңдап, өз саласының білікті мамандарынан дәріс алмақ.  Аяулым Бақтияр, мектеп-интернат оқушысы: - Жоба көп. Түрлі бағытты қамтыдық. Медиа, білім, тәрбие және шығармашылық. Осы 4 бағытта түрлі жобалар, клубтар ашылуда. Мұхаммедәли Ибрагимов, «Білім-Инновация» ХҚҚ бірінші вице-президенті: - «Сапалы білім – саналы тәрбие» дейміз. Барлық күшін салып, жан-жақты болып, бүкіл елге, мектебіне, аймақтағы білім саласына үлес қосуы керек. Қазіргі заманның талабына сай, жан-жақты көшбасшы болуы керек.

 

Просмотров: 120


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст