«Ақмола облысы білім бөлімінің Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің Кіші Түкті ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение " Основная средняя школа села Малые Тюкты отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Как изменится Instagram в 2018 году Картинки по запросу почта

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ҚР БҒМ: Жас ғалымдарды қолдау үшін үш жылға 9 млрд теңге бөлінді

08.08.2019

Елімізде жас ғалымдардың үшінші халықаралық форумы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24». Тұңғыш Президент – Елбасы қоры ұйытқы болған ауқымды шараның салтанатты ашылу рәсімі елордада өтті. Оған әлемнің 12 елінен келген ғалымдар және мемлекеттік орган басшылары жиналды. Өскелең ұрпақ өкілдері жаңа жобаларын таныстырып, инновациялық ізденістерін көрсетті. Жастардың тың бастамаларына жоғары баға берілді. Айта кетейік, Білім және ғылым министрлігі осы саладағы жобаларды қолдауға алдағы үш жылда 9 млрд теңге жұмсауды жоспарлап отыр. Бүгінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ТМД-дағы оқу орындарымен әріптестікті нығайтып, жас басқарушылардың біліктілігін арттыруға ден қойған. Форумның жалғасы Бурабайда өтеді. Шара аясында ғалымдар пікір алмасып, өзара тәжірибе бөлісуі тиіс. Анар Жайылғанова, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы: – Н.Назарбаевтың бастамасымен 2019 жыл – Жастар жылы деп жарияланды. Елбасы өзінің 5 қазандағы Жолдауында мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтары ретінде жастарға кешенді қолдау көрсетуді айқындады. Сонымен қатар оларға әлеуметтік лифтілердің кең платформасын құру, инновациялық және сервистік қызметтерді дамытуға ерекше назар аудара отырып, 5 жыл ішінде білім беруге, денсаулық сақтауға бөлінетін қаржыны ІЖӨ-нің 10 процентіне жеткізу қажеттігін атап өтті. Өйткені болашақта елдің әлемдегі рөлі осыған тікелей байланысты болады. Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі: – Жас ғалымдарды қолдау бойынша үш жылға 9 млрд теңге бөлінді. Енді бүгін осы фондта дәстүрлі үшінші форум өтіп жатыр. Бұған біз жылда қатысып тұрамыз. Жас ғалымдарды дамыту, олардың әлеуетін дамыту бойынша өте маңызды жоба деп санаймыз. Сондықтан осы форум шеңберіндегі әр түрлі сұрақтар бойынша біз бірге жұмыс істеуге дайынбыз.
 

Просмотров: 647


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст