«Ақмола облысы білім бөлімінің Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің Кіші Түкті ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение " Основная средняя школа села Малые Тюкты отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Как изменится Instagram в 2018 году Картинки по запросу почта

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Лагерьде демалатын оқушылардың саны 500 мыңға артады

16.05.2022

Балалар жылында балаларды жазғы демалыспен қамту артады. Жазғы демалыста балаларды сауықтыру лагерьлерінде 2,3 млн қазақстандық оқушы демалады. Бұл былтырмен салыстырғанда жарты миллионға көп. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі хабарлады. Сонымен қатар биыл сауықтыру лагерьлері мен алаңдардың саны айтарлықтай артты. Жалпы республика бойынша 11 мыңнан аса (2021 ж. – 9 507) мектеп жанындағы, қала маңындағы, шатырлы, спорттық және киіз үй лагері жұмыс істейді. «Бірінші кезекте жазғы сауықтыру демалысымен әлеуметтік осал санаттағы балалар қамтылады. Бұл жетім балалар, аз қамтылған, көпбалалы отбасы және толық емес отбасылардан шыққан балалар, мүмкіндігі шектеулі балалар және т.б. Балалар сауықтыру лагерлерінің желісі санаторийлер, туристік базалар, ұлттық парктер, жоғары оқу орындары жанынан лагерьлер ашу және жұмыс істемейтін лагерьлерді қалпына келтіру есебінен кеңейтілді. Қалалық лагерьлер желісін дамыту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл Қызылорда облысында 3 және Ақмола облысында 1 лагерь пайдалануға беріледі. Балалардың жазғы демалысы үшін қолайлы және қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету маңызды. Қазір ашылуға дайындалып жатқан лагерьлерде конкурстық рәсімдер жүргізіліп, олардың санитарлық нормаларға сәйкестігі тексеріліп жатыр», - деп айтты ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев. Осы жылы балалар мен ата-аналарды барынша ақпараттандыру үшін bala-demalys.kz балалар сауықтыру лагерлерінің интерактивті картасы, сайт пен мобильді қосымша (Android және IOS платформаларында) іске қосылды. Электронды картаның көмегімен кез келген адам нақты уақыт режимінде қандай да бір лагерь туралы (бағдарламасын, бағасын, орналасқан жерін) ақпарат ала алады. Осы категория бойынша: « Балқан олимпиадасында қазақстандық оқушылар алты медаль жеңіп алды Enactus: жас стартапшылар жарысты »

 

Просмотров: 256


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст