«Ақмола облысы білім бөлімінің Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің Кіші Түкті ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение " Основная средняя школа села Малые Тюкты отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Как изменится Instagram в 2018 году Картинки по запросу почта

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ҚАЗҰУ ҰЖЫМЫ ТҮРКИЯ ЖОО-ЛАРЫМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУДА

21.12.2022
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттықуниверситетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен және ұйымдастыруымен ҚазҰУ ұжымы биыл екінші рет Түркияда тегін демалып, тәжірибе алмасуда. 14-21 желтоқсанға жоспарланған сапар аясында 50-ге жуық оқытушы-профессорлар Ақтеңіз, Білім университеттерінің қызметімен танысып, біліктілік арттырады. Делегация құрамында комендант, іс басқармасы, өндірістік цех, кітапхана, арт орталығыныңқызметкерлері, IT мамандар мен журналистер бар. Ақтеңіз университеті – Түркиядағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Түркияда академиялық зерттеулер негізінде жазылған ғылыми мақалалар бойынша Ақтеңіз университеті үздік бестікке кіреді. Жерорта теңізінің жағалауында орналасқануниверситет кампусында 250-ден аса ғимарат бар. Білім ордасының ғылыми-технологиялық базасы жоғарымүмкіндіктерге ие. Сондай-ақ логистикалықкоммуникациясы жолға қойылған.​ҚазҰУ ұжымы түрік жоғары білім беру жүйесімен етене танысып, оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасатын болады. Сонымен қатар заманауи білім беру, инновациялық әзірлемелер мен оқытудағы озық технологиялар тақырыбында тренингтерге қатысады. Сондай-ақ іссапар барысында бірлескен білім беру бағдарламалар мен жобаларды іске асыру бойынша әріптестікті одан әрі нығайту көзделуде.  ҚазҰУ делегациясымен кездесуде Ақтеңіз университетінің Денсаулық сақтау саласын басқару ісі кафедрасының меңгерушісі Мұстафа Чобан сөз сөйлеп, алдағы уақытта да ҚазҰУ мен Ақтеңіз университеті арасында бірлескен жобалар жүзеге асатынын жеткізді. «Ақтеңіз университеті – Түркиядағы ең үлкенуниверситет. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттықуниверситетімен алдағы уақытта студенттерге ғылымижетекшілік ететін көптеген ауқымды жобаларды жүзегеасыруды жоспарлап отырмыз. Мәселен, Ақтеңізуниверситеті медицина саласында ауқымды жетістіктергеие, сүйекке, бетке пластикалық ота жасау мықты жолғақойылған. Тіпті, пластикалық ота арқылы бедеуліккеұшыраған әйелдерге ана болу бақытын сыйлайды. Туберкулезді зерттейтін арнаулы орталық жұмыс істейді», – деді Мұстафа Чобан.   Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Просмотров: 98


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст