«Ақмола облысы білім бөлімінің Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің Кіші Түкті ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение " Основная средняя школа села Малые Тюкты отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Как изменится Instagram в 2018 году Картинки по запросу почта

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ЕЛІМІЗДЕ ПАРА-АТЛЕТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖҮГІРУ МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ

22.05.2023

Елімізде пара-атлеттерге арналған алғашқы жүгіру мектебі ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».  Ұлттық Паралимпиадалық комитеттің жобасын «Қазақстан халқына» қоры қаржылай қолдады.   Мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасынан үздіктер іріктеліп, заманауи протездермен қамтамасыз етілді. Заманауи технологияның мүмкіндігін көрген спортшылар алдағы жарысқа дайындықты бастап кетті.  Еліміздің әр өңірінен іріктеліп алынған 10 спортшы бүгін су жаңа жүгіру протезімен жаттығу алаңына шықты. Әрқайсысы 8 млн теңге тұратын жасанды аяқты неміс компаниясы жасап шығарған. Спорттық протездер әр адамға арнайы жасалыпты. Жасы мен денсаулығы бойынша талапқа сай келген спортшының бірі – Әділет Сейітжаппар. Жаңа протездің мүмкіндігі мен жайлылығын көрген спортшы енді жүргіруден жарыс жолына шықпақ. Әділет Сейітжаппар, Паралимпиададан ұлттық құрама мүшесі: - Осы Алматы қаласынан протез алған кезде 7-8 қабат челок киемін. Мынадай күн ыстықта челоктар өзі қалың, соның 7-8 киемін. Ал қазір мынау Оттобок істеп берген жұп-жұқа силиконды. Біреу-ақ қиесің жүре бересің, аяғыңды қажамайды, қанатпайды. Қайырымдылық жобасы аясында «Қазақстан халқына» қоры жалпы сомасы 113,4 млн теңгеге 10 спорттық-жүгіру протезін қаржыландырған. Ұлттық паралимпиада комитетінің мәліметінше, Қазақстанның паралимпиадалық ұлттық құрамасындағы 70-ке жуық спортшының санаулысында ғана спорттық-жүгіру протезі бар. Осыған байланысты еліміз халықаралық жарыстардан қалыс қалатын.  Олжас Ақпамбетов, Ұлттық паралимпиада комитетінің спорт директоры: - Осы 10 спортшыны таңдау алдында бүкіл Қазақстан бойынша статистика жинаған кезде 200-ге жуық аяғынан зақымданған спортшылар бар, әртүрлі зақымданған. Бірақ бұл протезді қою әрбір адамға келе бермейді. Әрине, оны зерттеу керек, қандай протез қоюға болады, кейбіреуіне қоюға болмайды деген сияқты. Бірнеше дүркін Паралимпиада чемпионы Генрих Попов жаттығуды бастап кетті. Спортшыларымыз 13-17 мамыр аралығында Алматыда өтетін Қазақстан Республикасының VI Паралимпиада ойындарына қатысады. Авторлары: Аршын Кемелжан, Радик Жакупов.

 

Просмотров: 2771


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст