Текст
Қыздар, қызғалдақтар, мерекелеріңіз құтты болсын! Көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып қала беріңіздер!Жанарларыңыз әрдайым нұр шашып, жүздеріңіз күндей күлімдеп жүрсін! Көңілдеріңіз көктемдей көрікті болсын! Зор денсаулық, мәңгі жастық пен сұлулық тілеймін! Жанарына сыр тұнған, Жүрегінде жыр тұрған. Құтты болсын мерекең, Қызғалдақтар құлпырған! Әрқайсыңыздың жан-жүректеріңізден ертеңгі күнге деген сенім мәңгілік айнымасын! Дидарларыңыздан арай тарап, ажарларыңыздан шешек атсын, қыздар!