«Ақмола облысы білім бөлімінің Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің Кіші Түкті ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение " Основная средняя школа села Малые Тюкты отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Как изменится Instagram в 2018 году Картинки по запросу почта

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жыл мезгілдері

13.03.2018

Тақырыбы: Жыл мезгілдері

Мақсаты: Балаларға табиғаттағы құбылыстар жөнінде жалпылама және нақты түсініктерді қалыптастыру. Жылдың төрт мезгілін айыра білу дағдыларын бекіту.

Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын, ауызекі сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Есте сақтау қабілетін арттыру. Зейінділікке, ұстамдылыққа, тапқырлыққа баулу.

Тәрбиелік: Балаларды табиғатты қорғауға, оның сұлулығын сезіне білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Табиғат бейнеленген сурет, жыл мезгілдері мен ерекшеліктеріне арналған үлестірмелі суреттер, бояулар, ақ қағаз, жұмсақ ақ салфетка,қайшы, желім,түрлі-түсті қағаз.

Әдіс-тәсілдер: Әңгімелесу, түсіндіру, жұмбақ жасыру, салыстыру, пән аралық байланыс.

 

Сабақ барысы: Психологиялық сәт:

-         Балалар қарандаршы бізге қонақтар келіпті, амандасып алайық.

-        Балалар айтыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі?

-        Қыс айларын білеміз бе?

-        Жақсы, бүгін біздің сабағымыз осы жыл мезгілдері туралы болады.

-        Бәріміз орнымызға отырайық.

-        Балалар мен сендерге жыл мезгілдері туралы жұмбақ өлең оқимын, ал сендер өлеңде қай жыл мезгілі суреттелгенін тауып алыңдар.

 

Шанамен зырлап желетін,

Шаңғы,коньки тебетін,

Аққала жасап ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың?

/Қыс/

 

/Слайдтан қыс мезгілінің суреті шығады,сурет арқылы әңгімелету/

 

Балаларға қыс туралы сұрақтар қою.

-         Қыста қандай өзгерістер болады?

-        Қыс мезгілі ұнай ма?

-        Сендер қандай ойын ойнайсыңдар?

-        Қыста қандай мереке бар?

-        Қыс туралы кім тақпақ біледі.

 

3-сынып оқушысы ортаға шығып тақпақ айтады.

-Жақсы, енді келесі жұмбақ өлеңді тыңдаңдар.

Бұлтты айдай желдеткен

Нөсерлеткен, селдеткен

Шалшық кешіп ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?

/Көктем/

/Слайдтан көктем мезгілінің суреті шығады, сурет арқылы әңгімлету/

-         Көктем мезгілінің айларын кім атап береді?

-         Көктемде табиғатта қандай ерекшеліктер болады?

-         Көктемде қандай мерекелер бар?

-         Көктем туралы кім тақпақ біледі?

3-сынып оқушысы ортаға шығып тақпақ айтады.

 

-        Балалар сендер шаршап қалған шығарсыңдар, орнымыздан тұрып сергіту жаттығуын жасайық.

/музыкамен сергіту жаттығу/

 

-         Енді келесі өлеңді тыңдаймыз.

Қойының толы жеміске

Көк майсалы егісте

Көбелек қуып ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың?

/Жаз/

/Слайдтан жаз мезгілінің суреті шығады, сурет арқылы әңгімелету/

3-сынып оқушысы ортаға шығып тақпақ айтады.

-         Қарандаршы балалар, суретте не көріп отырсыңдар?

-        Жазда табиғатта қандай өзгерістер болады?

-        Жаз айларын кім біледі?

/Балалардың жауаптары/

 

-         Ал енді соңғы жұмбақ.

Жиып-теріп болатын

Қамбаға астық толатын

Қызыл қырман ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың? /Күз/

 

/слайдтан күз мезгілінің суреті шығады, сурет арқылы әңгімелету/

-        Ал күз айларын кім біледі?

-        Күзде табиғатта қандай ерекшеліктер болады?

-        Күз туралы тақпақ білесіңдер ме?

3-сынып оқушысы ортаға шығып тақпақ айтады.

«Тірі және өлі табиғат» ойыны.

-        Балалар, сендер жыл мезгілдерін таптыңдар, енді «Тірі және  өлі табиғат» деген ойын ойнап көрейік. Бұл ойында мен тірі табиғатты айтқанда қол шапалақтайсыңдар, ал өлі табиғатты айтқанда аяқтарыңмен топылдатасыңдар. Дөңгеленіп тұрайық.

-        Қарлығаш /қол шапалақтау/

-        Тау /аяқпен тоқылдату/

-        Ағаш /қол шапалақтау/

-        Күн /аяқпен тоқылдату/

-        Қоян/қол шапалақтау/

-        Су/аяқпен топылдату/

-        Аленді балалар біз екі топқа бөлініп өзімізге ұнайтын жыл мезгілдеріне байланысты  сурет саламыз.

Музыка ақырындап ойнап тұрады.

/Балалардың салған суреттерін тақтаға ілу./

 

Дидактикалық ойын. «Жыл мезгілінің бөлігін тап»

 

Балалар шашылып жатқан бөліктерін құрау арқылы 4 жыл мезгілін шығарады.

Балалар енді екі топқа бөлініп өздеріңе ұнаған жыл мезгілінің суретін саламыз. Мен сендерге қағаз беремін.

Қане қай сурет, ең әдемі шыққан, өздерің айтыңдаршы.

Бағалау.

 

Просмотров: 317


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст