«Ақмола облысы білім бөлімінің Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің Кіші Түкті ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение " Основная средняя школа села Малые Тюкты отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области”

СоцСети

Как изменится Instagram в 2018 году Картинки по запросу почта

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Депутат ауылдағы мектептерде 5-11-сыныптар үшін кезекші топ ашуды сұрады

09.10.2020

Контингенті 181-600 адам болатын ауылдық жерде 5-11-сынып оқушыларына кезекші топ ашу керек. Себебі ауылдағы білім сапасы мәз емес. Егер балалар әрі қарай да қашықтан оқыса, мәселе ушығып кетеді. Сенатор Алтынбек Нухұлы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа осындай депутаттық сауал жолдады , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жыл сайын ауыл мен қала оқушылары арасында білім сапасы бойынша мәселе көтеріліп келеді. Қашықтан оқу бұл мәселені одан әрі алшақтатуы әбден мүмкін. Бізге қашықтан оқу процесі енгізілген күннен бастап еліміздің барлық өңірінен 5-тен 11-сыныпқа дейінгі оқушыларды дәстүрлі оқытуға жіберу туралы ұсынысхаттар түсуде. Соның бір дәлелі ретінде Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті мүшелерінің Семей қаласы мен Абай ауданына жұмыс сапарындағы кездесуде мектеп мұғалімдері мен ата-аналар барлық санитарлық норманы сақтай отырып, барлық ауылдық мектепті дәстүрлі оқуға көшіруді ұсынды. Ауылдағы балалардың қарым-қатынасы қалаларға қарағанда қауіпсіз деп отыр. Себебі ауылдың тыныс тіршілігі мен табиғи ортасын ескеру керегін атап өтті. Біз бұл ұсынысты Үкіметке жеткізуді уәделестік", - деді ол Сенат отырысында.

Просмотров: 247


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст